Павлодарлық фермерлер белорустарды күлгін түсті картоппен таң қалдырды
Zakon.kz
Ресми делегация мүшелері алып шаруашылықтың жұмысымен танысып, алдағы уақытта да тығыз байланыста болуға ниетті екендіктерін білдірді.
Павлодар облысына Белоруссиядан арнайы іс-сапармен келген делегацияға «Пахарь» шаруа қожалығы картоптың жаңа сортын көрсетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Белорус республикасы, Гомельский облыстық атқару комитетінің төрағасы Владимир Дворниктің басқаруымен келген делегация бүгінгі «Ertys Invest 2016» халықаралық инвестициялық форумына қатысады. Облыс әкімі Болат Бақауовтың айтуынша, қонақтарды Павлодар өңірінің өнеркәсіптік кәсіпорындарын көрсету қарастырылған.
Сондай-ақ, олар өңірдің ауыл шаруашылығымен танысуға өздері ниет білдірген. Шетелдік делегацияны «Пахарь» шаруа қожалығы өздерінің сүт тауарлы фирмасының және мал бордақылу алаңының жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, көкөніс сақтау қоймасындағы картоптың жаңа сортын да көрсетті.
Мұнда картоптың күлгін түсті жаңа түрі өсіріледі. Қонақтар қызметкерлер үшін салынған агроқалашықта болды. Ресми делегация мүшелері алып шаруашылықтың жұмысымен танысып, алдағы уақытта да тығыз байланыста болуға ниетті екендіктерін білдірді.
Талғат Төре
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript