Еліміздің 5 облысынан 114 тонна үнді қарасорасы тәркіленді – ІІМ
Zakon.kz
Героин азая бастаған кезде нашақорлар есірткінің басқа түрін іздей бастайды. Бүгінде біз синтетикалық есірткі көлемінің артқандығын байқап отырмыз.
Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елімізде 35 тонна каннабис тобына жататын есірткі заттары, 114 тонна үнді қарасорасы, 100 келі героин және 300 келіге жуық гашиш тәркіленді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан ҰҚШҚ үйлестіру кеңесінің 18-отырысында ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаментінің басшысы Сұлтан Құсетов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазақстандағы есірткі мәселесіне тоқталсақ, 31 қазанда біз «Көкнәр» операциясын аяқтадық. Бұл операция республикада жыл сайын ұйымдастырылады. Әсіресе, Жамбыл облысындағы Шу алқабына баса мән береміз. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, 35 тонна каннабис тобына жататын есірткі затын тәркіледік. Ал соңғы уақытта құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру деректері тіркелуде. Қазіргі таңда еліміздің 5 облысынан 114 тонна «үнді қарасорасы» тәркіленді. Оның тұқымы Үндістаннан жеткізілген. Сондай-ақ, 100 келі героин және 300 келіге жуық гашиш тәркіленді», - деді ол.
Сондай-ақ, Сұлтан Құсетов елімізге синтетикалық есірткі түрлерінің жеткізіле бастағандығына алаңдаушылық білдірді.
«Героин азая бастаған кезде нашақорлар есірткінің басқа түрін іздей бастайды. Бүгінде біз синтетикалық есірткі көлемінің артқандығын байқап отырмыз. Тіпті, синтетикалық есірткілер көптеп тасымалдануда. Олар қазіргі таңда қолданыста», - деді департамент басшысы.
Фото: www.michurinsk.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript