Сайрамда әлеуметтік сауда орталығы ашылды
Zakon.kz
Көшелердің тазалығы мен көріктендіруді және ретсіз сауда орындарын жоюды қоюды мақсат еткен Сайрам ауданының әкімдігі бұл жұмыстар оң нәтижесін береді деп сенеді.
Сайрам ауданында ретсіз сауда орындарын жою мақсатында аудан орталығынан әлеуметтік сауда орталығы ашылды. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Көшелердің тазалығы мен көріктендіруді және ретсіз сауда орындарын жоюды қоюды мақсат еткен Сайрам ауданының әкімдігі бұл жұмыстар оң нәтижесін береді деп сенеді.
Осы ретте, Ақсу ауылының орталығы Абылайхан, Жібек-жолы көшелері бойларында орналасқан ретсіз сауда орындары бойынша, АІІ Басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып мониторинг жүргізілді. Ескерту парақшалары мен буклеттер таратылды. Жұмысшы топ құрамы, аудан орталығындағы ретсіз сауда жасаушылардың уәждеріне байланысты, заңды жерлерде сауда жасау үшін тиісті жұмыстар жүргізді.
Нәтижесінде жеке кәсіпкердің есебінен «Әлеуметтік базардың» құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда аудан әкімінің басшылығымен аудан орталығындағы ретсіз саудамен айналысатын тұрғындар аталған сауда орталығына көшірілді.
Сонымен қатар, Сайрамда тұрақты түрде аудан әкімінің бастамасымен аудан тұрғындары және ауданға қарасты мекеме ұйымдары бірлесіп жалпы аудандық сенбіліктер өткізуде. Сенбілікте көше бойлары мен жеке тұрғын үй маңайы және ғимарат алаңдары, ашық далалы жерлер тазалануда. Сонымен қатар, ауылдық округтерде әр сенбілік сайын ағаш көшеттері отырғызылуда.
Фото: ontustik.gov.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript