Лента новостей
0

Сот билігі – халық сенімі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.11.2016 17:14 Zakon.kz
Сот кабинеті» - электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы электрондық құжат нысанында сотқа құжаттарды беру мүмкіндігін көздейтін бағдарлама болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының екінші бөлімі заң үстемдігін қамтамасыз етуг бөлігінде «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс», деп белгіленген. Жариялылық – іс жүргізу кодекстерінде сот ісін жүргізудің негізгі қағидаты болып бекітілген. Бұл қағидатты талқылау кезінде негізгі назар сот ғимаратына қол жетімдік, іс жүргізудің және сот отырысының ашықтығына бөлінеді. Елбасы өзінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет», - деп атап өткен болатын, деп жазады zakon.kz.



Бүгінгі күні сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, түрлі бағдарламалар мен жобалар жасалуда. Соның бірі - Электронды бақылау өндірісі. Бұл қызмет - сот отырысына қатысушыларына пароль беру арқылы сот істері бойынша ақпарат алу үшін және іс бойынша барлық сот актілерімен танысуға мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар, жаңадан енгізілген «Төрелік», «Дыбыс,- бейнежазба», «Сот кабинеті» сынды бағдарламалар енгізілгендігін атап өтуге болады. Осы қолданылып жүрген сот процестерінің аудио және бейне тіркеуінің жетілдірілген жүйесі шын мәнісінде, сот төрелігі ашықтығымен қамтамасыз етудің ғаламат құралына айналды. Көп жағдайда бұл қолданысқа енген жайттар – сот процесінің әрбір қатысушысы қазір Сот кабинетіне кіріп, процестің бейне және аудио жазбаларымен таныса алады. Осылайша, сот өндірісінің бүкіл процесі толықтай ашық бола түсуде және бұл жүйені толықтай енгізу қандай да бір процессуалдық заң бұзушылықтарды азайтады.

Сонымен қатар, бұл жүйе процессуалдық нормалар мен сот этикасын мүлтіксіз сақтауды талап етеді. Сот жүйесінің ашық¬тығы мен жариялығын қамтамасыз ету мақсатында, процеске қатысушылардың істің барлық материалдарымен танысуға, кез келген сот сатысында істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар болуға мүмкіндіктер жасалған. Яғни, сотқа түскен барлық істер бойынша, істің сотқа түскені, қарауға тағайындалғаны, қаралған күні басқа да іске қатысты мәліметтер тараптарға СМС хабарламалар арқылы жолданады.

Сонымен бірге, сотта жариялылықты заңсыз шектеу жағдайларына жол берілмейді және барлық мүдделі адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет. «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.

«Сот кабинеті» - электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы электрондық құжат нысанында сотқа құжаттарды беру мүмкіндігін көздейтін бағдарлама болып табылады.
Қазіргі кезде бұл сот жүйесінің сот төрелігін жүзеге асырудың ашықтығы мен жариялылығын қаматамасыз етудің құралдарының бірі болып табылды.

Фото: board.lutsk.ua
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: