ЕҚДБ қазақстандық бизнесті қолдауға 8, 61 млрд. теңге бөледі
Zakon.kz
Меморандум шеңберінде индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешілік серіктестік жобаларды бірлесіп іздеу, іріктеу, құрылымдау және бірлесіп іске асыру үшін тұжырымдамалық тәсілдерді іске асыру бағытында диалогтық платформа құрылатын болады.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Еуропа қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) бірінші вице-президенті Фил Беннетпен келіссөз жүргізді.
Тараптар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ұлттық валютада қорландыруды тарту, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық, инвестициялық жобаларды дайындау мен құрылымдау, мемлекеттік активтерді жекешелендіру, сондай-ақ сақтандыру өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Келіссөздер барысында Ерболат Досаев инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, шағын және орта бизнес өкілдерін қашықтан оқыту жөніндегі өңірлік офисті құру, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымдарын жекешелендіру жөніндегі жоспарларды іске асыру бойынша ЕҚДБ-ның тәжірибесін (техникалық көмек) тартудың маңыздылығын атап айтты.
Өз кезегінде Фил Беннет орнықты және инклюзивті экономиканы құру ЕҚДБ үшін түйінді басымдылық болып табылатындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ ЕҚДБ-ның вице-президенті қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға дайын екендігі, шағын кәсіпкерлер деңгейінде қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту және жергілікті валютада қарыз беру туралы айтты.
Кездесу барысында Еуропа қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ), Халықаралық қаржылық корпорациясы (IFC), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен Холдингтің еншілес ұйымы «Kazakhstan Project Preparation Fund» (KPPF) арасында Өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум шеңберінде индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешілік серіктестік жобаларды бірлесіп іздеу, іріктеу, құрылымдау және бірлесіп іске асыру үшін тұжырымдамалық тәсілдерді іске асыру бағытында диалогтық платформа құрылатын болады.
Фото: business.gov.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript