Лента новостей
0

Теміртауда адамның қолдары табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.11.2016 18:42 Zakon.kz
2 қараша күні 9.00-15.00 аралығында ІІБ мен кинолог-маманның жұмыстары еш нәтиже берген жоқ. Жедел-іздестіру шаралары Отрадное көшесі, 604-үй мекенжайында жүрді.
ҚР Ұлттық гвардиясының кинолог-маманы Теміртау қаласындағы үйлердің бірінен құрылыс қапшығын тауып алды, оның ішінен адамның екі қолы шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Азамат Ақбаевты іздестіру туралы Теміртау қаласының ІІБ өтініші түскен соң, 5516 әскери бөлімінің кинологиялық қызметінің аға маманы, сержант Андрей Калданов Гера есімді итімен іздестіру жұмыстарына кіріскен.

2 қараша күні 9.00-15.00 аралығында ІІБ мен кинолог-маманның жұмыстары еш нәтиже берген жоқ. Жедел-іздестіру шаралары Отрадное көшесі, 604-үй мекенжайында жүрді. «Оқиға орнындағы шатырды қарау барысында ит құрылыс қалдықтары арасынан жағымсыз иісі бар қапшықты нұсқады.

Сол мезетте сержант Калданов ІІБ қызметкерлерін шақырды. Қарағанды ІІД криминалистері мен анықтаушылары қапшықты ашып, шіри бастаған адам қолдарын тапты», - деп хабарлады мекеме. Айналаны тінту барысында ит қызметкерлерді 800 метр жердегі үй ауласына әкелді. Онда 1985 жылы туған азамат Ф. ұсталды.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: