Лента новостей
0

Созақта жыл басынан бері 600-ден астам бала балабақшамен қамтылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.11.2016 20:56 Zakon.kz
Жыл соңына дейін «Балапан» бағдарламасы аясында тағы 5 балабақша ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.
Созақ ауданы Жуантөбе ауыл округінде 50 орындық «Алуа» балабақшасы ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл осы жылы пайдалануға берілген 7-ші бөбекжай. Осылайша «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған балабақшаларда 660 бала балабақшамен қамтылып отыр. Нәтижесінде ауданда бағдарламаның орындалуы 84,5 пайызды құрады. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісе келген аудан әкімі М.Исеав балалар тәрбиесі әрқашан басты назарда екеніне тоқталып, бүгінгі ұрпақ - еліміздің ертеңі екенін айтты. Сондай-ақ, ол аталған нысан кәсіпкердің жеке иелігінде болса да, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтінін жеткізді.

Елу бала тәрбиелетін мектепке дейінгі білім беру ұйымында жергілікті 10 адам жұмыспен қамтылып отыр. Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған балабақшада, екі жатын бөлме, асхана, демалыс бөлмесі, медбике бөлмесі бар.

Айта кетейік, Созақта жыл соңына дейін «Балапан» бағдарламасы аясында тағы 5 балабақша ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Жалпы, жыл басынан бері облыста 49 мектепке дейінгі мекеме ашылған. Биыл жыл соңына дейін балаларды балабақшамен қамту көрсеткішін 80 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. Облыста қазір 1465 балабақша мен шағын орталықтар бар, олардың 807-сі мемлекеттік.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: