Лента новостей
0

Құйынды жел Жамбыл облысының 25 елді мекенін жарықсыз қалдырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.11.2016 16:16 Zakon.kz
Жамбыл ауданында электр жарығынсыз үш ауыл отыр.
Жамбыл облысының орталығына жақын орналасқан Байзақ және Жамбыл аудандарында дауыл салдарынан электр тарату желілері құлады, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлағандай, алдына ала мәліметтерге сәйкес, Байзақ ауданында 20-дан астам электр тарату желісі құлады, салдарынан 22 елді мекен жарықсыз қалды.

Жамбыл ауданында электр жарығынсыз үш ауыл отыр. Сондай-ақ онда жел ғимараттардың шатырларын ұшырып әкетті (жалпы аумағы шамамен 1500 шаршы метр). Зақымданулар Тараз қаласында да бар. «Таразда 10-нан астам электр тарату желілері құлады, жарықсыз қалған абоненттердің саны анықталу үстінде.

Жел 2 мың шаршы метр аумақта түрлі бағыттағы ғимараттардың шатырларын ұшырып әкетті», - деп атап өткен болатын Руслан Иманқұлов.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін түстен кейін басталған дауыл салдарынан облыс орталығында үш адам зардап шекті. Желдің жылдамдығы 35 м/с-қа жетті. Апаттық бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Жел басылды, бірақ әлі де сақталуда.

Фото: www.inform.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: