Тараз қаласында төтенше жағдай жарияланды
Zakon.kz
Облыс орталығын жарық, жылу және сумен қамтамасыз етуде де кедергілер бар.
Тараз қаласында төтенше жағдай жарияланды. Еске сала кетейік, өңірде кеше кешкісін жойқын дауыл тұрған. Ұйытқи соққан желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетіп, 70-ке жуық елді мекенді жарықсыз қалдырды, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Соның салдарынан электр бағаналары құлап, Байзақ, Жамбыл, Жуалы және Шу аудандарында тұрғындар жарықсыз отыр. Бірнеше жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Бағдаршамдар істемей, көлік қозғалысы қиындаған.
Облыс орталығын жарық, жылу және сумен қамтамасыз етуде де кедергілер бар. Оқыс оқиғадан зардап шегіп, қалалық ауруханаға жеткізілгендер саны 30-дан асқан. Жарақат алған 3 адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда қалада қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нұржан Календеров, қала әкімі:
-Барлық тиісті қызметтер өз жұмысын атқаруда. Оның ішінде Төтенше жағдай комитеті қызметы, коммуналдық қызмет. Негізгі жұмыстарды – халықты тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарын бүгін кешке дейін бітіруді жоспарлап отырмыз.
Фото: bnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript