Лента новостей
0

Сiбiр жарасына қарсы вакцинаның сапасыз болғаны анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.11.2016 17:34 Zakon.kz
Қолданыстағы заңнама ветеринарлық препарат өндiрушiлердiң лицензиясын алып қою тетiгi реттелмеген. Қазiрi уақытта лицензия мерзiмi шектелмеген және оны қайтарып алу негiздерi айқындалмаған.
Сiбiр жарасына қарсы сапасыз вакцинаға қатысты қазiр құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргiзiп жатыр. Бұл туралы бүгiн үкiмет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары Қайрат Айтуғанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Биылғы жылдың тамыз айында сiбiр жарасына қарсы вакцинаның сапасын тексеру үшiн сынамасын Украина мен Эфиопия зертханаларына жiбердiк. Оның нәтижесiнде қазан айында материалдар құқық қорғау органдарына жiберiлiп, қазiр тергеу шаралары жүрiп жатыр», - деп хабарлады Қ.Айтуғанов.

Оның айтуынша, сапасыз вакцина өндiрiсiне конкурстық рәсiмдегi олқылықтар себеп болып отыр.

«Конкурс қорытындысы бойынша өндiрушi вакцинаны келiсiм жасалғаннан кейiн 15 күнде жеткiзуге мiндеттелдi. Бұл өндiрiс технологиясын сақтауға мүмкiндiк бермейдi. Бұл мәселенi шешу үшiн конкурстық құжаттама өзгертiлдi. Жыл сайынғы конкурстық рәсiмдердi 15 желтоқсаннан кешiктiрмей бастау шешiлдi. Бұрын конкурстық рәсiмдер сәуiр айында басталатын. Сатып алынатын вакцинаның сапасын бақылауды күшейту үшiн сертификатталған халықаралық зертханалар тартылады», - дедi вице-министр.

Бұдан бөлек, қолданыстағы заңнама ветеринарлық препарат өндiрушiлердiң лицензиясын алып қою тетiгi реттелмеген. Қазiрi уақытта лицензия мерзiмi шектелмеген және оны қайтарып алу негiздерi айқындалмаған. Осыған орай тиiстi заңнамаға өзгерiстер енгiзу жоспарланып отыр. Жалпы, ветеринарлық препараттарды өндiрушiлер мен жеткiзушiлерге талаптар күшейтiлмекшi.

Еске сала кетейiк, биыл бiрқатар облыста сiбiр жарасы тарап, iндеттi жұқтырған бiрнеше адам көз жұмды.

Айымгүл Әбілева

Фото: ClubBrain.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: