Атырауда арам өлген ірі қараларға өтемақы төлене бастады
Zakon.kz
Мамандардың айтуынша, дертке шалдыққандардың мал саны 6894 болған, оның 5750-і аурудан айықты, 1119 өліп, 25-і емделіп жатыр.
Атырау облысында нодулярлы деоматиттен өлген мал иелеріне өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Айта кетелік, облыста дерттен 1119 мүйізді ірі қара өлген еді. Енді мал иелеріне 100 пайыз өтемақы төленеді. Бұл үшін республикалық бюджеттен 176 миллион 543 мың теңге бөлінді.
Естеріңізге салайық, нодулярлы дерматит биылғы шілде айында Атырау облысындағы Исатай, Құрманғазы, Маxамбет аудандарында және Атырау қаласында анықталған еді. Карантин уақытында дизинфекциялық және ветеринариялық препараттар алуға 4,5 миллион теңге жұмсалды. Карантин жарияланған аймақтарда 5 бақылап өткізу пункті құрылды.
Мамандардың айтуынша, дертке шалдыққандардың мал саны 6894 болған, оның 5750-і аурудан айықты, 1119 өліп, 25-і емделіп жатыр. Дерттің таралуы тоқтаған. Айта кетелік, нодулярлы дерматит Қазақстанда алғаш тіркеліп отыр. Сондықтан, мұндай ауруға шалдыққан мал иелеріне өтемақы төлеу мәселесі қарастырылмаған еді.
Шілде айында Құрманғазы ауданына барған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі шешіліп жатқанын айтқан еді. "Бұл дерт Африкада пайда болған. Бізге Ресейдің Астраxан облысынан келді. Бұл дерт ветеринариялық аурулар реестрінде тіркелмеген. Бірақ өтемақы төленетін аурулардың қатарына кіргізуге толық мүмкіндік бар", - деген еді Нұрлан Ноғаев.
Фото: www.inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript