Павлодар облысында Омбыдан келген балықшы құтқарылды
Zakon.kz
Железин ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан Подстарое өзенінің Алексеевка тармағында ер адамның дауысы естілген.
Павлодар облысы Железин ауданында Омбыдан келген балықшы құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 қараша күні орын алған. Рейд кезінде Железин ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан Подстарое өзенінің Алексеевка тармағында ер адамның дауысы естілген.
- Көмекке шақырған адам мұздың астына түсіп кеткен 51 жастағы балықшы болып шықты. Кейін ол РФ-ның азаматы екені анықталды. Оның айтуынша, Железин ауданына достарымен балық аулауға келген, - деді баспасөз қызметінде. Ер адам жедел құтқару бөліміне жеткізіліп, оған алғашқы көмек көрсетілді.
Назым Қарабаеа
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript