Лента новостей
0

Шымкентте фирма қызметкері өзін-өзі «тонаған»

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.11.2016 15:27 Zakon.kz
Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда.
Шымкентте бір фирма қызметкері өзін-өзі тонау оқиғасын ұйымдастырған. Ол бұл әрекетке жоғалған ақшаның орнын жабу үшін барыпты, деп жазады otyrar.kz.

Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 12 қараша күні түнгі сағат 21:00-де Абай полиция бөліміне қала көшелерінің бірінде тонау болғаны жайлы суыт хабар түседі. Оқиға орнына жеткен полицейлер Приора автокөлігі Ауди көлігін қысып тоқтатқанын анықтайды. Неміс көлігінде 36 жастағы жігіт пен 30 жастағы келіншек — фирма қызметкерлері болыпты.

Жүргізушінің айтуынша, Лада көлігінен шыққан екі жігіт бұлар алып келе жатқан фирманың ақшасын тартып алып, қашып кеткен екен. Осы оқиғаны тексерген полицейлер күдікті ретінде 36 жастағы Ауди жүргізушісінің өзін ұстады. Тергеу кезінде анық болғаны, бұл азамат өзін тонау оқиғасын өзі ұйымдастырыпты. Мұндағы себеп — жымқарған фирма ақшасының орнын жабу. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Фото:otyrar.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: