Лента новостей
0

Шымкентте егеуқұйрықтарды улау жұмысы басталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.11.2016 16:13 Zakon.kz
Көлемі 5 млн шаршы метрден астам жерді қамтымақ. 30-дан астам санитар маман бір ай бойы осы жұмыспен айналысады.
Шымкентте үй аулалары мен жертөлелерін егеуқұйрықтардан тазарту, дәрілеу жұмыстары басталды. Залалсыздандыру үшін қала бюджетінен 14 млн теңге бөлінген, деп жазады otyrar.kz.

Жоспар бойынша көп қабатты үй аулаларындығы қоқыс алаңдары, өзен-су жағалауы және қатты тұрмыстық қалдық жиналатын полигон дәріленеді. Аталған жұмыстар жалпы көлемі 5 млн шаршы метрден астам жерді қамтымақ. 30-дан астам санитар маман бір ай бойы осы жұмыспен айналысады.

Бүгін белгілі болғандай, Шымкентте егеуқұйрықтарды дәрілеу жұмыстары 10 қарашадан басталды. Оны қай мекеменің жасайтыны мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталды.

Жеке кәсіпкер Ермек Әбдірәсілов «Бром БД» дәрісімен атжалмандарды залалсыздандыру жұмысын жүргізбек. Қала бюджетінен бұл мақсатта 14 млн теңге бөлінген. Жоспарға сай, алдымен көп қабатты үй аулаларындағы қоқыс алаңшалары, өзен-су көздері және Ақтас елдімекеніндегі үлкен қоқыс алаңы дәріленбек.

Егеуқұйрықтың өткір тістері оның ең басты құралы және қаруы. Алдыңғы тістері берік сарғыш эмальмен қапталған ал, тістің өзі жұмсақ дентиннен тұрады. Сол себепті тістерді бір-біріне егеген кезде олар өткір болып қалады. Тістері сондай мықты ол бетон мен алюминийді де кеміре алады.

Егеуқұйрықтың ит тістері жоқ бірақ, күрек тістері мен азу тістерінің арасында ара-қашықтық бар. Ол ара – қашықтық ерін қатпарымен жабылған яғни, диастемамен. Ол егеуқұйрықтың ауыз қуысын бір затты кемірген кезде қажет емес бөліктерден сақтайды. Диастеманың арқасында егеуқұйрық тым ашты және улы заттарды өзіне ешқандай зиян келтірместен кеміре алады.

Сұр егеуқұйрық 4-5 жыл өмір сүре алады. Сұр егеуқұйрық судың жанын мекен ететін түр. Көп жағдайда егеуқұйрықтар табиғи аймақта кездеспейді немесе, табиғи аймаққа жылдың жылы кезеңінде ғана қоныс аударады. Сұр егеуқұйрықтар ымырт және түнгі уақытта белсенді. Олар негізінде топталып өмір сүреді. Топта екі жыныстың да он шақтысы кездесуі мүмкін. Мүндай жағдайда күрделі иерархиялық қатынас туындайды. Топ өзінің аймағын иіс белгісімен белгілеп, басқа топтың кіруінен қорғайды.

Еске сала кетсек, шаһардағы көп қабатты үй аулаларында егеуқұйрықтар көбейіп кеткеніне тұрғындар біраз уақыттан бері алаңдаулы. Ал залалсыздандыру жұмыстарына қаржы биыл ғана бөлінді.

Нұрлан Жаңабай

Фото: otyrar.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: