Лента новостей
0

Белградта Қазақстан көшесi пайда болады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.11.2016 18:19 Zakon.kz
Бұл туралы бүгiн Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Сербия премьер-министрi Александр Вучич үкiметте өткен баспасөз мәслихатында мәлiм еттi.
Белград қаласында Қазақстан көшесi пайда болады. Бұл туралы бүгiн Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Сербия премьер-министрi Александр Вучич үкiметте өткен баспасөз мәслихатында мәлiм еттi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Сербияға сапарынан кейiн өзара қарым-қатынасты нығайтудың жаңа мүмкiндiктерi пайда болды. Бұл мүмкiндiктердi экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту үшiн пайдалану қажет. Осыған байланысты Белградта ескерткiштiң, ал ертең Астанада Никола Тесла атындағы көшенiң ашылуы және Қазақстан көшесiнiң Белградта пайда болуы бiздiң елдерiмiздiң арасындағы қарым-қатынастың дамуына ықпал етедi», - дедi А.Вучич.

Айта кетейiк, бүгiн ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия премьер-министрi Александр Вучичпен кездесу өткiзiп, екi елдiң ынтымақтастығын дамытуға қатысты бiрқатар маңызды мәселелердi талқылады.

Айымгүл Әбілева

Фото: belkadet.by


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: