Омбы-Майқапшағай тас жолында Қырғызстан елінің 15 азаматы құтқарылды
Zakon.kz
Айта кетерлігі, бүгін таңертең сағат 6.00-да сынап бағанасы – 28 градус аязды көрсеткен.
Бүгін сағат 7.00-де Омбы-Майқапшағай тас жолында Прииртышское ауылының жанында Қырғызстан елінің 15 азаматы құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, Железин ауданы орталығының №22 өрт сөндіру бөлімінің кезекшісіне "Мерседес-Спринтер" автобусының сынып қалғаны туралы хабарлама түскен. Көліктің ішіндегі жолаушылардың төртеуі балалар болған. Сондай-ақ, олардың арасында егде жастағы екі адам Қырғызстаннан Ресейге бет алған.
- Оқиға орнына дереу ТЖ және құтқару бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді. Жолаушылардың жартысы жақын жерде орналасқан жылыту пунктіне жеткізіліп, медициналық қызметкерлер қарап шықты. Қариялар мен балаларды Башмачное ауылының ауруханасына жеткізіп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Құтқарушылар шағын автобусты жөндеу үшін Прииртышское ауылындағы жылы боксқа алып кетті, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетерлігі, бүгін таңертең сағат 6.00-да сынап бағанасы – 28 градус аязды көрсеткен.
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript