Павлодарда таңертең аяз салдарынан трамвайлар тұрып қалды
Zakon.kz
Синоптиктердің болжамынша, аяз өңірде әлі бір апта тұрады.
Павлодарда 1 Мамыр көшесі бойында бірнеше трамвай тұрып қалып, "кептеліске" себеп болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар трамвай басқармасының баспасөз хатшысы Тимофей Голевтің айтуынша, қоғамдық көлік қараша айында түскен 30 градустық аяздың салдарынан тоқтап қалған.
- Ауа температурасының оқыс ауысуына байланысты бірінші бағытта келе жатқан вагондардың сымдарын мұз басқан. Нәтижесінде жүргізушіге жылдамдықты төмендетіп, тоқтауға тура келген. Нәтижесінде сағат 8.25-те қозғалыс күрт тыйылған. Қазір депода жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді Тимофей Голев.
Айта кетерлік, Павлодарда сынап бағанасының төмендеуіне байланысты 1-4 сыныптарда сабақ өткізілмейді. Синоптиктердің болжамынша, аяз өңірде әлі бір апта тұрады.
Суретті түсірген - Светлана Воронова
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript