Көкшетауда аспаздар дәмханада марихуана сатқан
Zakon.kz
Күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында тағы бір түйіншек табылды.
Көкешетауда жұмыс орнында марихуана сатқан екі аспаз ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарына ойын-сауық мекемелерінің бірінде ас үйде істейтін екі жас жігіт жұмыс кезінде есірткі сатады деген ақпарат келіп түскен. Жедел іс-қимыл барысында бұл ақпарат расталды. 15 қараша күні 22 және 23 жастағы жігіттер жұмыс орнында ұсталды. Дереккөз таратқан ақпарға сүйенсек, олар суши-барда жұмыс істеген.
Полицейлер күдіктілердің 11 грамм марихуана сатқанын анықтаған. Жігіттердің бірі ас үйде қолға түссе, екіншісі дәретханаға жасырынып, есірткіден құтылмақ болыпты. Алайда марихуана оралған түйіншек кейін қоқыс жәшігінен табылды.
Күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында тағы бір түйіншек табылды.
«Қазіргі таңда екі аспазға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Екеуі де уақытша ұстау абақтысына қамалды. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп мәлімдеді облыстық ІІД-дан.
Бұған қоса, қазір бар қожайының әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі де шешіліп жатыр.
Фото: NostGroup.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript