Лента новостей
0

Қызылордада 170 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.11.2016 20:14 Zakon.kz
Тұрғын үй құрылысын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «Бақ-береке 2030» ЖШС бірлесіп жүзеге асырады.
15 қарашада Қызылордада Жаппасбай батыр көшесіндегі 170 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Тұрғын үй құрылысын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «Бақ-береке 2030» ЖШС бірлесіп жүзеге асырады.

«Бақ-береке 2030» ЖШС директоры Қайрат Ерназаров үйдің жобалық құрылысы туралы баяндады. Оның айтуынша, нысанда 100 екі бөлмелі, 70 үш бөлмелі пәтер болады. Құрылыстың жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Құрылыс 2017 жылы аяқталады.



Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Мамыталиев үйдің іргетасына «уақыт капсуласын» қалап, қызылордалықтарды құрылыстың басталуымен құттықтады.

- Соңғы жылдардағы айтулы жетістіктердің бірі – тұрғын үй құрылысы саласындағы жақсы нәтижелер. 2004 жылы аймақта 92 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазір бұл көрсеткіш 500 мың шаршы метрге ұлғайып, 5,5 есеге өсті. Тек өткен жылы құрылыс көлемі 3,5 есеге өсті, оның ішінде Қызылорда қаласында 8 есеге артты. Биыл 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы соңғы үш жылда Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді,- деді облыс әкімі.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: