Лента новостей
0

Ақсуда бір ұялы телефонды бөліспей қалған студенттер арасында дау шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.11.2016 21:48 Zakon.kz
Оқиға ҚР ҚК-нің 293-бабы, үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу біріңғай тізіліміне тіркелген.
Ақсуда бір ұялы телефонды бөліспей қалған үш студент арасында дау шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, оқиға кеше сағат 21.49-да Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледжінің жатақханасында орын алған.

- Жанжал бір студент екіншісіне ұялы телефонын ғаламторға шығу үшін бермегендіктен туындаған. Кейін бір топта оқитын бес студент оларды арашалауға талпыныс жасаған. Нәтижесінде олар жеңіл жарақат алған. Қазіргі уақытта құқық қорғау қызметкерлерімен барлық жанжалға қатысушылардан жауап алынды. Оқиға орнына жанжалды тоқтату үшін білім беру басқарма басшысының орынбасарлары, ІІД басшысының орынбасары барды. Колледж директоры мен оның тәрбие жөніндегі орынбасары сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылды. Қазіргі уақытта білім беру мекемесінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, әкімшілік және педагогикалық қызметкерлер тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, - деді басқарма басшысының орынбасары Саян Мұқанов.

Еске сала кетейік, 3-қазан күні Павлодар ауданы Красноармейка ауылында полиция қызметкерлері студенттер арасындағы төбелестің алдын алған. Полиция бөлімшесіне аграрлық-техникалық колледждің қасында студенттер жиналып жатқаны туралы хабар түскен болатын. Осылайша, студенттер мен ауыл тұрғындары арасында туған жанжалға жол берілген жоқ. Дауды бастаған адамдар ұсталды. Оқиға ҚР ҚК-нің 293-бабы, үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу біріңғай тізіліміне тіркелген.

Авторы: Назым Қарабаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: