Лента новостей
0

Павлодар облысында биыл 60 шақты адам дәстүрлі емес діни ұйымдардың қатарынан шығарылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.11.2016 16:28 Zakon.kz
Павлодар облысында биылғы жылы террорсистік бағыттағы әрекеттер бойынша жазаға тартылған адам жоқ.
Павлодар облысында дәстүрлі емес діни ұйымдардың жетегінде жүрген 60 шақты адам қайта Әбу Ханифа махһабын қабылдады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықова Павлодарда өтіп жатқан «Заманауи терроризм. Жаңа сындар және қауіп-қатерлер» атты халықаралық конференция барысында мәлім етті.

- Биыл біздің орталық жыл басынан бері 700-ге жуық іс-шара, яғни әртүрлі форумдар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар ұйымдастырды. Республикаға танымал дінтанушылар шақырылды. Сонымен қатар, әртүрлі діни секталардың қатарына кіріп кеткен 100-ден астам адаммен жүзбе-жүз сөйлесіп, 60-тай адамның Ислам дініндегі дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабын қайта қабылдауын ықпал еттік. Атап айтар болсақ, олардың діни сенімдерін дұрыстап, құжаттарын реттеп, қызметке орналастыру жұмыстарын жүргіздік. Олардың 40-тан астамы салафиттік сенімді ұстанғандар. Сондай-ақ, дәстүрлі емес «Атажол» және Иегова куәгерлері секілді аса қауіпті топтардың жетегінде адасып жүрген азаматтар да болды. Қазіргі күні олардың туыстарымен хабарласып, жағдайларын біліп тұрамыз, - дейді Гүлназ Раздықова.

Оның айтуынша, теріс жолда жүрген бір адамның сенімін өзгертіп, дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабын қабылдату үшін бір айдан жарты жылға дейін уақыт керек. Сондықтан, мұндай ұйымдарға заңмен тыйым салу арқылы ғана тосқауыл қояйылады. Жалпы, Павлодар облысында биылғы жылы террорсистік бағыттағы әрекеттер бойынша жазаға тартылған адам жоқ. Ал, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында тұрғындарды Сирияға баруға үгіттеп, діни экстремизмді насихаттағаны үшін ұсталған 10-шақты адам қазір Павлодардың колонияларында жазаларын өтеуде.

Авторы: Тілеуберді Сахаба

Фото: pavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: