Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал тас жолының бір бөлігі жабылды
Zakon.kz
Қардың қалың жаууы себепті ағаштар құлап, электр желілері үзілген.
Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал тас жолының 40-шы және 80-шақырым аралығындағы жол бөлігі жабылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Оған қардың қалың түсуі себеп болған. Жол талғамайтын көліктер өтіп жатқанымен, әзірге жеңіл және жүк таситын автокөліктер жүре алмайды. Қардың қалың жаууы себепті ағаштар құлап, электр желілері үзілген.
Сол себепті Қоғалы ауылындағы кейбір үйлерде жарық болмай қалды. Бүгін үзілген желілер жалғанып, үйлерге жарық берілді. Сарыөзек-Көктал тас жолында қар аршу жұмыстары жүріп жатыр.
- Бұл – жылда қайталанатын жағдай. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ, - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Азамат Жортбаев.
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript