ОҚО-да техникалардың қысқа дайындығы пысықталды
Zakon.kz
Қысқа дайындық барысында анықталған барлық кемшіліктер облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында қаралмақ.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев «Қыс-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын «Қазақавтожол» РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалындағы жол техникаларының қыс мезгіліне дайындығын тексерді. Бұл жұмыстарға ОҚО ТЖД басшысы Н.Дербисов, департамент бастығының орынбасары, полковник Б.Сопбеков пен жол-патрульдік полициясының қызметкерлері де қатысты, деп хабарлайды zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Бұл іс-шараның мақсаты – қыс мезгіліне инертті материалдардың қорын және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына жол-пайдалану техникаларының дайындығын тексеру, арнайы техниканың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау, облыстық асуларда орналасқан жылыту пункттерінің дайындығын көріп шығу болып табылады.
Айта кету керек, «Қазақавтожол» РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының құрамына барлығы 3 жол-пайдалану басқармасы кіреді. Жалпы техниканың саны 59 бірлік (шнекоротор, автосамосвал, автогрейдер, бульдозер, погрузчик т.б.). Олардың барлығы республикалық манызы бар автомобиль жолдарында жұмыс жасауға арналған. Сондай-ақ, басшылық тарапынан уақытша жол белгілері дайындалған («Тайғақ жол», «Максималды жылдамдылықты шектеу» және т.б.). Оларды республикалық манызы бар автожолдарда орнатады.
Дайындық көрсетілімі барысында бекітілген жол учаскелерінде қызмет көрсету мәселесі, сондай-ақ қыс мезгілінде қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша сұрақтар пысықталды.
Қысқа дайындық барысында анықталған барлық кемшіліктер облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында қаралмақ.
Фото: ontustik.gov.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript