Лента новостей
0

ОҚО мен tika арасындағы байланыс нығаяды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.11.2016 17:52 Фото: zakon.kz
Агенттік өкілі Әли Ихсан Чаглар өзі қызмет ететін TIKA ұйымы арқылы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен табыстарын дүниежүзіне танытып, еліміздің атын шығаруға әрекет ететінін жеткізді.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (одан әрі - TIKA) Қазақстандағы өкілі Әли Ихсан Чаглармен кездесті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Басқосуда тараптар бауырлас қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі жақсарту жайын талқылап, ынтымақтастық меморандумын түзу жайын әңгімеледі. Атап айтқанда, олар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет, туризм сынды түрлі салалар бойынша бірлескен жобалар жасауға уағдаласты.
Өз кезегінде, аймақ басшысы өңірімізге арнайы келген мәртебелі мейманға алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Агенттік өкілі Әли Ихсан Чаглар өзі қызмет ететін TIKA ұйымы арқылы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен табыстарын дүниежүзіне танытып, еліміздің атын шығаруға әрекет ететінін жеткізді.

Айта кету керек, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің әлемнің 56 елінде филиалдары бар. Жер-жаһанның 150 елімен ынтымақтық жобаларын жасасқан TIKA ұйымы соңғы 3 жылда ынтымақтастық жұмыстары мен гуманитарлық көмектердің арқасында әлемде бірінші орынға шыққан.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: