Лента новостей
0

ОҚО-да БҰҰ балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлескен жұмыстарды дамыту жайы талқыланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.11.2016 15:50 Zakon.kz
Отырыста облыс әкімінің орынбасары жиында көтерілген ұсыныстар мен тілектер бойынша бірлескен жұмыстарды атқаруға дайын екенін жеткізді.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бірлесіп атқаратын іс-қимыл бағыттарын келісу және талқылау, екіжақты меморандумның жобасын енгізу бойынша кездесу өтті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасындағы өкілінің орынбасары Фиакра Макэзи мен аталған ұйымның жетекшілік құрамы, сондай-ақ, облыстық білім, дін, денсаулық сақтау, ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жастар жөніндегі басқармаларының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Балалар қорының бірлесіп атқаратын іс-қимыл бағыттарын келісуді мақсат тұтқан жиында қор қызметінің Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы негізгі қызмет бағыттары мен жұмыстың нәтижесі туралы баяндалды. Сонымен бірге, облыс әкімдігімен бірлесе атқарылатын іс-шаралардың бағыттары айқындалды.

ЮНИСЕФ-тің Оңтүстік Қазақстан облысындағы кураторы, денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламасының үйлестірушісі Қанат Суханбердиевтің мәліметінше, қос тараптың бұған дейінгі бірлескен жұмыстарының нәтижесінде, аймағымызда бірқатар оңды жұмыстар атқарылған.

Отырыста облыс әкімінің орынбасары жиында көтерілген ұсыныстар мен тілектер бойынша бірлескен жұмыстарды атқаруға дайын екенін жеткізді. Ал әкімдікке қарасты басқарма басшылары тарапынан өңір үшін маңызды бағыттар бойынша эксперттік көмекті қажет ететін мәселелер ұсынылып, ЮНИСЕФ-пен бірлескен жұмыс туралы ұсыныстар енгізілді.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: