Алматы облысында марқұм ағайындылардың туыстары 45 миллион теңге өтемақы талап етті
Zakon.kz
Ағайындылардың бірі атылған оқтан өлсе, қалған екеуі ауыр соққылардың салдарынан көз жұмыпты.
Алматы облысында үш бірдей азаматынан айырылған отбасы қандықол қарақшылардан 45 миллион теңге өтемақы талап етті, деп жазады КТК телеарнасы.
Қаскелеңде өтіп жатқан сот процессі айқай-шусыз болмады. Бұл жолғы отырысқа айуандықпен өлтірілген ағайындылардың жесірлері келген. Қанды оқиғаның қалай болғанын бастан-аяқ естіген олар көз жасын жасыра алмады. Ал айыпталушылардың екеуі кінәсін мүлде мойындамай қойса, ең басты күдікті -Талғат Сүлейменов өзіне тағылған айыптармен тек жартылай келісті.
Айтуынша, ағайындыларды ол қасақана емес, абайсызда өлтірген. Десе де, соңғы сот сараптамасы оның сөзін түгелдей теріске шығарды. Себебі, ағайындылардың бірі атылған оқтан өлсе, қалған екеуі ауыр соққылардың салдарынан көз жұмыпты. Ал марқұмдардың артында 9 бала қалған. Оның үлкені – 13 жаста, кішісі әлі екіге де толмаған.
«Ағаларымыздың, бауырларымыздың денесін сіз көрсеңіз, өкінесіз. Сідік пен ыстық құм! Ойлай беріңіз, адам өлді ғой, өлді бірақ мәйітті сонша қорлау не деген масқара! Жүрегі жоқ хайуан, сезім жоқ бұларда судья мырза ата салу керек бұларды!» – дейді марқұмдардың туысы Еркін Бейсеке.
Фото: Qamshy.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript