Павлодарда иіс тиіп, бетін күйік шалған 25 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді
Zakon.kz
Өрт сағат 6.38-де толық сөндірілді. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда.
Павлодар қаласы Кенжекөл кентінде иіс тиіп, бетін күйік шалған 25 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, екі пәтерлік, төрт бөлмелі пәтерден шыққан қызыл жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған.
- Бүгін таңғы сағат 5.13-те басталған тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД апаттық-құтқару жұмыстары және құтқару қызметінен екі бірлік техника мен жеке құрамнан тоғыз адам жұмылдырылған. Өрт сағат 6.38-де толық сөндірілді. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда, - деп жазылған хабарламада.
Фото: pavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript