Лента новостей
0

Елбасы: төменгі соттар өздеріне жүктелген міндетті толық атқара алмай отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.11.2016 19:01 Zakon.kz
Елордада республика судьяларының VII съезі өтіп жатыр. Маңызды жиынға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, әлемнің 10-нан астам елiнен келген сарапшылар – барлығы 600 делегат қатысуда.
Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың жұмысына халық тарапынан әлі де алаңдаушылық бар екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Сот жүйесіне халық тарапынан әлі де алаңдаушылық бар. Әсіресе, кейбір судьялар тарапынан қателіктер кеткен жағдайда. Тек осы жылы дисциплинарлық тәртіпте 32 судья өз жазасын алса, 2 судья қызметінен босатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз болса да, осы жағдай бізге сабырға сақтауға мүмкіндік бермейді. Сот жүйесінде мұндай олқылықтар болмауы керек», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президент өткен жылы ҚР Жоғарғы соты прокуратураның наразылығымен 63 азаматтың ісін қайта қарағанын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл факті соттардың өздеріне жүктелген міндетті толық атқара алмай отырғандығын білдіреді.

«Өкінішке қарай, қарапайым халық әділдік іздеп, Жоғарғы соттан немесе прокуратурадан көмек сұрайды. 2015 жылы прокуратураның наразылығымен соттың үкімі шыққан 63 азаматтық істі ҚР Жоғарғы соты қайта қарады. Демек, қазіргі таңда біз тиісті құқық берген төменгі соттар өздеріне жүктелген міндетті толық атқара алмай отыр. Бұл – ең маңыздысы. Яғни, біз қолға алған реформалар бойынша дұрыс жұмыс істелмей жатыр деген сөз. Сондықтан біз жүйелі түрде сот жүйесінің беделін көтеретін істерді жүргізуіміз қажет», - деді Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетсек, елордада республика судьяларының VII съезі өтіп жатыр. Маңызды жиынға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, әлемнің 10-нан астам елiнен келген сарапшылар – барлығы 600 делегат қатысуда.

Республика судьяларының съезi 4 жылда бір рет өтеді. Тәуелсіздік жылдары iшiнде алты съезд (алғашқысы 1996 жылы) өтті. Маңызды жиын сот жүйесінің дамуы үшін айрықша стратегиялық мәнге ие. Олардың әрбірінде соттар дамуының қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелерге қатысты шешімдер қабылданады.

Авторы: Дәурен Ерболат

Фото: Mediasat

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: