Лента новостей
0

Қазақстанда түрмеде отырғандар саны 3 есеге азайған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.11.2016 20:07 Zakon.kz
Республика судьяларының съезi 4 жылда бір рет өтеді. Тәуелсіздік жылдары iшiнде алты съезд (алғашқысы 1996 жылы) өтті.
25 жылда түрмеде отырғандардың саны 3 есе азайды. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан республика судьяларының VII съезінде ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мемлекетіміз құқықтық жүйені ізгілендіру, яғни гуманизация жолын таңдады. Сондай-ақ, біздің бұл тәжірибемізді халықаралық сарапшылар алға басушылық деп бағалауда. Жалпы алғанда 25 жылда түрмеде отырған азаматтардың саны 3 есе азайды. Егер 1991 жылы Қазақстан 100 мың адамға шаққанда түрмеде отырғандардың коэффиценті бойынша әлемде 3-ші орында болса, ал 2016 жылы еліміз аталған көрсеткіш бойынша 62-ші орынға төмендеді», - деді Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мами.

Естеріңізге сала кетейік, елордада республика судьяларының VII съезі өтуде. Маңызды жиынға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен әлемнің 10-нан астам елiнен келген сарапшылар - барлығы 600 делегат қатысып жатыр.

Республика судьяларының съезi 4 жылда бір рет өтеді. Тәуелсіздік жылдары iшiнде алты съезд (алғашқысы 1996 жылы) өтті. Маңызды жиын сот жүйесінің дамуы үшін айрықша стратегиялық мәнге ие. Олардың әрбірінде соттар дамуының қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

Дәурен Ерболат

Фото: egemen.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: