Лента новостей
0

Екі мыңнан астам павлодарлық жарықсыз қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.11.2016 17:16 Zakon.kz
Қазіргі таңда апат орындарында кәсіпорынның 3 бригадасы, электротехникалық зертхана мамандары жұмыс істеп жатыр.
Түнде 2 мыңнан астам павлодарлық жарықсыз қалды. Алдымен тұрғындар облыс орталығындағы қосалқы станциялардың істен шыққанына шағымданған. Салдарынан Павлодар қаласының Ломов, Кутузов, Катаев, Амангелді, Теплов және Гагарин көшелерінің 2301 тұрғыны мен 79 заңды тұлға жарықсыз қалды, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, «Қаланың орталық» қосалқы станциясында апат болған.

«21 қарашада түнгі сағат 22.04-те «Орталық қалалық» қосалқы станциясы істен шықты. Салдарынан, Павлодар қаласының оңтүстік бөлігіне электр энергиясы берілген жоқ. «ПРЭК» АҚ бригадалары екі сағат бойы апат салдарын жою жұмысын атқарды. Жөндеу жұмыстары барысында №443 қосалқы станциясына қосылған қуаты 10 кВт кабельдің зақымданғаны анықталды. Бұл қосалқы станция аталған кәсіпорынға тиесілі болмағандықтан, жөндеу жұмыстарынан бас тартты. Сондықтан, дәл қазір тағы 7 нысан жарықсыз отыр. Олардың қатарында өрт бөлімі, балабақша мен тұрғын үйлер бар», – дейді «Палводарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Олеся Емельянова.

Айта кетейік, тұрғындарды жарықпен қамту мақсатында «ПРЭК» АҚ жөндеу жұмыстарын өз мойнына алды. Қазіргі таңда апат орындарында кәсіпорынның 3 бригадасы, электротехникалық зертхана мамандары жұмыс істеп жатыр.

Фото: i-news.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: