Толассыз жауған қардан 70-тен астам алматылық тайғанап құлаған
Zakon.kz
Жазатайым аяқ-қолын жарақаттап алғандардың саны өткен екі тәулікте 71 адамға жетсе, былтырғы жылдың қаңтар айында мертіккендер 68 болған екен.
Демалыс күндері толассыз жауған қардан 70-тен астам алматылық тайғанап құлап, жарақат алған. Дәрігердің көмегіне жүгінгендердің көбінде буындары тартылып, сүйектері сыныпты, деп жазады Алматы телеарнасы.
Науқастардың ең жасы 16-да болса, үлкені 55-те екен. Ақ халаттылар көк тайғақтан құлап мертіккендердің басым бөлігіне жарақатының деңгейіне орай амбулаторлық ем тағайындаса, қол аяғы сынған 4 адам аурухана төсегіне таңылғанын айтады. Олардың жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер.
«Науқастардың негізінен диагнозы мынау сүйектің жарақат алуы жабық түрде және мынау жұмсақ тін дейді ғой, мягкий тканьдардың зақымдануы. Ушиб мягкой ткани дейді және буындардың жарақаты және де сүйектердің жарақаттануы жабық түрде сынған түрлері болды. Бұл науқастар ауруханаға түскен кезде тексеру өткізгеннен кейін, сүйегі жарақат алған науқастарға жабық түрде репозиция жасалынды. Сондықтан, олар сүйегінің жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылды»,- деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі, Нұржан Исабеков.
Жазатайым аяқ-қолын жарақаттап алғандардың саны өткен екі тәулікте 71 адамға жетсе, былтырғы жылдың қаңтар айында мертіккендер 68 болған екен. Десе де, қаланың денсаулық сақтау басқармасы «жедел жәрдем» қызметіне шақыртудың жиілемегенін, денсаулық сақтау мекемелері қалыпты режимде жұмыс жасап жатқандығын алға тартты.
Фото: probusiness.by
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript