Лента новостей
0

Тауар белгісін заңсыз қолдануға өтемақы қарастырылатын болады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.11.2016 18:10 Zakon.kz
«Авторлық құқық туралы» Заңда авторлық туындыны заңсыз қолданғанына байланысты автордың құқық бұзушыдан өтемақы алу құқығы қаралған.
Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, бүгінгі Үкімет отырысында қаралған зияткерлік меншік саласындағы заң жобасында тауар белгісін заңсыз қолданғанына байланысты өтемақы алу үшін құқық иелерінің құқықтарын қамтамасыз етуге арналған нормалар қаралған. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Авторлық құқық туралы» Заңда авторлық туындыны заңсыз қолданғанына байланысты автордың құқық бұзушыдан өтемақы алу құқығы қаралған. Сонымен қатар, тауар белгісінің иесі мұндай құқыққа ие бола алмайды», - деді министр.

Осыған байланысты, ҚР Азаматтық кодексіне құқық бұзушыдан келтірілген шығынның орнына сот бекіткен 500-ден 10 000 АЕК-ге дейінгі көлемде немесе заңсыз тауар белгісі орнатылған тауардың құнынан екі есе өтемақы талап ету жөнінде тауар белгісі иесінің құқығы туралы толықтырулар енгізіледі.

Еске сала кетейік, «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.

Фото: kaznews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: