Лента новостей
0

Павлодарда алғаш рет салмағы 900 грамм сәбидің жүрегіне ота жасалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.11.2016 21:03 Zakon.kz
Жыл сайын кардиологиялық орталықта жас ерекшелігі әртүрлі, жүрек ақауы бар 100-ден астам балаға ота жасалады.
Павлодарда алғаш рет салмағы 900 грамм, шала туылған сәбидің жүрегіне ота жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық кардиологиялық орталық туа біткен жүрек ақаулары бөлімінің меңгерушісі Тимур Райымханов мәлім етті.

- Биыл 6-тамыз күні София Михачева ашық артериялық түтік диагнозымен дүниеге келген. Жүктіліктің 24-ші аптасында туған сәби үш ай бойы жасанды вентиляция аппараты арқылы демалды және салмақ қоспады. Ешқандай оң өзгеріс болмаған соң, ашық түтікті жабу туралы шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 4-қараша күні кардиологиялық орталықтың бригадасы өткізген ота сәтті аяқталды. Бұған дейін мұндай салмақпен туған балаға ота жасалмаған. Әдетте, препараттармен емдеуге тысырасамыз. Қазір баланың жағдайы жақсарған. Салмағы бір келі 200 граммға жетті және алаңдауға негіз жоқ десе болады, - дейді Тимур Райымханов.

Ақ желеңдінің айтуынша, жыл сайын кардиологиялық орталықта жас ерекшелігі әртүрлі, жүрек ақауы бар 100-ден астам балаға ота жасалады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: