Лента новостей
0

Алимент төлемей жүрген әкелер қамауға алына бастады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.11.2016 16:46 Zakon.kz
Тексеру өткізілген 3 аптада құқық қорғаушылар жүздеген мекен жайға бас сұқты. Алимент төлемеген 23 адам қамауға алынған.
Астанада жиырмадан астам адам қамауға алынды. Олар туған перзентіне алимент төлемей, жауапкершіліктен жалтарғаны үшін осындай жағдайға ұшырап отыр, деп жазады Астана телеарнасы.

Алматы ауданының прокурорлары Әділет басқармасымен бірлесіп «Өз балаңа көмектес» атты шара өткізді. Оның аясында жалпы сомасы миллион теңгеден астам қаржы өндіру көзделген. Балаларына уақытылы алимент төлемейтіндерді анықтау үшін құрылған топ кезекті тексерісін бастады. Алайда, туған перзентінен теріс айналған әкелер мен олардың отбасы мүшелері құқық қорғау қызметкерлерінің келгеніне қуана қоймады.

Осы квартирада тұрады күйеуіңіз. Дұрыс па? Сіз екінші әйелісіз? -Қандай рұқсат алдыңыздар мені түсіруге?

Алматы ауданының прокурорлары мен сот орындаушылар мұндай форматтағы акцияны алғаш өткізіп отырған жоқ. Жауапсыз әкелерді табу қиынның қиыны, әйтсе де нәтиже жаман емес.

Шыңғыс Өтеміс, Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры:

Бір апта ішінде жүздеген мекен-жайларды аралап шықтық. Бірлесіп, нәтижесінде 20 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Одан бөлек борышкерлер тарапынан алимент төлемдерін ішінара төлеу деректері кездесіп жатыр. Алимент өндіріліп жатыр. Онымен қоса борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары жалғасуда. Жиналып қалған қомақты қарызын төлемей жүргендердің туыстары көбіне олардың жауапсыз әрекетінен бейхабар болып жатады. Сондықтан барынша қорғауға ұмтылады. Заң аясында міндеттелген талапты орындамайтын жандардың түрлі айлаға баратыны жасырын емес. Оларды жауапкершілікке тартудың да амалдары бар, - дейді сот орындаушылар.

Айдана Жылқыбаева, Астана қалалық әділет департаменті алимент төлемдерін өндіру бөлімінің сот орындаушысы:

Әкімшілік полиция басқармасына борышкерлердің көлігін тоқтату туралы ақпаратты жібереміз. Осыдан кейін көлік айып тұрағына қойылады. Егер иесі алиментін төлейтін болса, техника қайтарылады. Кей жағдайда көлік сатылып өндірілген қаржы арызданушыға беріледі. Айыптылар мұндайға да келісіп жатады.

Тексеру өткізілген 3 аптада құқық қорғаушылар жүздеген мекен жайға бас сұқты. Алимент төлемеген 23 адам қамауға алынған. Олар 5-8 күн аралығында темір тордың ар жағында отырады. Қазір Әділет басқармасының қарауында 8 мыңға жуық іс жатыр. Ал қарыздың көлемі 180 миллион теңге көлемінде. Прокурорлар жауапкершіліктен қашқан әрбір әкені тауып, жазаға тартуға мүдделі. Ал "екі қолға бір күрек таппай жүрмін" деп сылтау айтқандарды Астанадағы ірі құрылыс нысандарында жұмыс істеуге міндеттемек.

Фото: zhso.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: