Қызылорда облысында халықтың 37% газсыз отыр
Zakon.kz
Үш мыңнан астам халқы бар Белкөл кенті де солардың қатарында. Жергілікті әкім халықты жарқын болашақтың жалынына жылытып отыр.
Қызылордада газ баллондарын пайдалануға тыйым салынғаны жөнінде бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Енді жергілікті тұрғындар күн суытқан сайын көгілдір отыннан қажалатын тартып отыр. Жергілікті билік халықты жарқын болашақтың уәдесімен ғана «жылытып» отыр, деп хабарлайды Baq.kz
Газ баллондарға тиым салу себебі, өңірде күн суытқалы төтенше жағдай жиілеп кеткен. Осыдан біраз уақыт бұрын газ баллоны жарылып тұтас бір отбасы қырылып қала жаздады. Бір адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта, 1 отбасыдан 3 жан өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен болатын. Қазір, дәрігерлер қолдан келетін ем-домның бәрін жасап бағуда. Зардап шеккендердің ең кішісі 1 жаста.
«Отпен күйген жарақаттар өте терең болады. Сол себепті үш баланы да, келген бойда реанимацияға жатқыздық. Қазіргі уақытта олардың бәрі осы бөлімде толық көлемде ем қабылдап жатыр», - дейді Қызылорда облыстық медициналық орталығының балалар хирургы Әлімжан Төлегенов.
Осы оқиғадан кейін өңірде газды құйып сатуға тыйым салынды. Газ баллонын пайдалануға шектеу қойылғалы жергілікті тұрғындардың да жағдайы қиындаған.
«Газ баллоны сатылмайды. Заправкалардан құйып жүр едік, ол да қазір құймайтын болды, ешқайсысы бермейді. Газды қай жақтан алатынымызды білмей отырмыз» , - дейді Белкөл кентінің тұрғыны Ғазиза Бәкірова.
Тұрғындар тығырықта. Ал тиым салған мекеме «бұның бәрі өртеніп өлмеу үшін жасалған қауіпсіздік шаралары» деп отыр. Өйткені, биылдың өзінде газ баллоны жарылған 12 оқиға тіркеліпті.
Ал облыс халқының 37% көгілдір отынның игілігін әлі көрмей келеді. Үш мыңнан астам халқы бар Белкөл кенті де солардың қатарында. Жергілікті әкім халықты жарқын болашақтың жалынына жылытып отыр.
«Ілеспе газға бюджеттік өтінім беріліп отыр, 2017 жылы ілеспе газ жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз. Тұрғындарды газбен қамтуға... Қазір жолдың бойында «Аралгаздың» құю стансасы тұр. Соның жанынан арнайы сеткамен газ баллонын алмастыратын арнайы орын ашып бермекші», - дейді Белкөл кентінің әкімі Асхат Ибрагим.
Фото: Baq.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript