Қазақша күрес ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін
Zakon.kz
Комитет Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Түркия елдерінен түскен өтініштерді де қарайды.
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне Наурыз мерекесі, қазақша күрес пен қатырма нан енуі мүмкін. Қазақстаннан түскен бұл ұсыныс қараша айының соңында Аддис-Абебеде өтетін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасын қорғау комитетінің кезекті отырысында қарастырылады, деп хабарлайды egemen.kz БҰҰ жаңалықтар орталығы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Сонымен қатар комитет Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Түркия елдерінен түскен өтініштерді де қарайды. Бұл мемлекеттер аталған тізімге шелпек (лаваш, жупка, юфка) пісіру ерекшеліктерін қосуды сұраған.
Беларусь Республикасы Будслав фестивалін, Грузия — грузин әліпбиінің жазу жүйесі дәстүрін, Тәжікстан «Оши-палав» атты ұлттық тағамдарын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізгісі келеді екен.
Естеріңізге сала кетсек, бұл тізімде қазір 336 элемент бар. Оған ұрпақтан ұрпаққа жеткен мәдени мұра, салт-дәстүр, шығармашылық өнер түрлері кіреді.
Фото: bnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript