Алматыда жанармай тапшылығы болмайды
Zakon.kz
Осыған дейін, еліміздің оңтүстік аймағында бензин тапшылығы байқалған.
Алматыда жанармай тапшылығы болмайды. Бұл туралы энергетика министрлігі мәлімдеді, деп жазады Алматы телеарнасы.
Ведомство өкілдері Шымкент Мұнай Өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары кейінге шегерілді дейді. Өйткені, қара суықта зауытты жаңарту мүмкін емес екен.
Қазір елімізде 100 мың тоннаға жуық бензин қоры бар. Ал, дизель мөлшері - 180 мың тоннадан асады. Оның үстіне, Қазақстанда 3 бірдей мұнай өңдеу зауыты жанармай өндіруді ұлғайтқан.
Осыған дейін, еліміздің оңтүстік аймағында бензин тапшылығы байқалған. Оған - жанармайдың басқа өңірлерден кеш жеткізілуі себеп болған еді.
Фото: www.almaty.tv
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript