Елімізде жыл сайын 34 мың адам қатерлі ісікке шалдығады
Zakon.kz
Онкологтар болжам бойынша, 2020 жылға қарай әлемде обыр дертіне шалдыққандардың саны 15 миллионға жетеді.
Елімізде жыл сайын 34 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Бүгінде есепте тұрған науқастардың саны 150 мыңнан асты. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан онкологтар мен радиологтардың ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Осы жағдайға алаңдаған 100-ге тарта сала мамандары шетелдік әріптестерімен бірлесіп, емдеудің заманауи әдістерін талқылады. Онкологтар болжам бойынша, 2020 жылға қарай әлемде обыр дертіне шалдыққандардың саны 15 миллионға жетеді, - деп дабыл қағуда. Дәрігерлер аурудың алдын-алу үшін тұрғындар, скринингтік тексерістерден өтіп тұруы қажет, - дейді.
Мұхтар Төлеутаев, қалалық онкологиялық орталықтың бас дәрігері:
- Елімізде онкология саласының бағдарламасы іске асты. Қазір Денсаулық бағдарламасының аясында тағы да осы онкология саласына үлкен көңіл бөлініп жатыр. Бізде онкология тегін көрсетіледі. Ота болсын, қымбат дәрілер болсын соның барлығы дүниежүзінде бірде бір мемлекетте ондай жоқ.
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript