Лента новостей
0

Елордада 38 млрд теңгеден астам соманың 8224 нысаны заңдастырылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.11.2016 20:52 Zakon.kz
Ақшаны заңдастыруға келсек, аталған кезеңде 584 млрд теңгенің 687 арнайы декларациясы тапсырылған, соның ішінде есепшотқа салмастан, 944 млн 230 мың теңге заңдастырылды
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметтері бойынша 2016 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 38 млрд 517 млн теңге соманың 8 224 нысаны заңдастырылған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Азаматтардан жалпы сомасы 111 млрд теңге болатын 9023 өтініш түсті. Соның ішінде 69 млрд 550 млн теңге соманың 11016 тұрғын үй нысаны, 42 млрд 288 млн теңге соманың 11725 тұрғын үй емес нысаны, 22 млрд 872 млн теңгенің 1132 коммерциялық нысаны, 457 млрд 949 млн теңге соманың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуының 5 үлесі бар.

Сонымен бірге Астана қаласы Мемлекеттік кіріс органдарына 1 млрд 054 млн теңгенің сомасына 16 нысан бойынша 17 арнайы декларация тапсырылды. Сондай-ақ ҚР аумағынан тыс жердегі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудың 6 млн 250 мың теңге соманың 3 үлесі заңдастырылды.

Ақшаны заңдастыруға келсек, аталған кезеңде 584 млрд теңгенің 687 арнайы декларациясы тапсырылған, соның ішінде есепшотқа салмастан, 944 млн 230 мың теңге заңдастырылды, одан 94 млн 423 мың теңге көлемінде 10% алым жиналды.

Сондай-ақ, 10 млрд 807 млн теңге соманың құнды қағаздары заңдастырылды. Еске салсақ, елімізді мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1 қырқүйегінде басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Фото: ontustik.gov.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: