Лента новостей
0

100 нақты қадам: сот жүйесін реформалау заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.11.2016 22:08 Zakon.kz
Сот төрелігі бес сатылы жүйесінен үш сатылы жүйесіне көшті.
«Нұр Отан» партиясының XVI съезінде партия төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық мемлекеттілікті нығайту және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін 5 институционалдық реформаны ұсынған болатын. Аталған реформалардың екіншісі тұлға құқығымен қатар меншік құқығын, шартты міндеттемелерді, соңғы нәтижеде экономикалық өсімнің негізі болатын кәсіпкерлік қызметтер үшін шарттарды қорғауға кепіл беретін заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған 11 мақсатты қадамды қамтитын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданды. Бұл жайында Ақмола облыстық сотының судьясы Нұрлан Өміртайұлы тарқата айтып берді.

- Нұрлан Өміртайұлы, сот жүйесін жетілдірудің басым бағыттары қандай?

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.
Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.

Болашақта әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылып, мәң¬гілік елге айналуды мақсат еткен қазақстандықтарды алға жетелейтін Ұлт жоспары ел дамуы үшін маңызы зор. «Құқық тәртібі мен заңдылық» бөлімінде Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінде азаматтардың құ¬қық¬тары мен бостандықтарын қам¬тамасыз ету, заңдарды қатаң орындау және құқық тәртібін нығайту басты ұстанымымыз болуы керектігі айтылып, заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында Азаматтық процестік кодекс пен «Жоғары Сот Кеңесі туралы» заң қабылданғандығы, сонымен қатар, «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық процесуалдық жә¬не Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге қажетті өзгерістер енгізілгені дәйектелді.

- Сот жүйесі сатысын оңтайландыру туралы тарқата айтып берсеңіз, ол не үшін қажет?

Сот төрелігі бес сатылы жүйесінен үш сатылы жүйесіне көшті.

Жыл басынан «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» аясында мемлекеттің құқықтық жүйесін қалыптастыратын 19 нақты қадам қарастырылып, олардың 11 қадамы мемлекеттің сот жүйесін реформалауға бағытталған. Тәуелсіз сот әділдігі мен қазақстандық құқық қорғау жүйесі тек азаматтардың құқықтары мен бас еркіндіктерінің іске асуына, заңдардың нақты орындалуына және құқық тәртібінің нығаюына бағытталуы тиіс. Бұл біздің еліміздің көздеген мақсаттарына, алға қойған армандарына жол ашпақ.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көптеген маңызды мәселелер көтерілді. 16-қадамда азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, апелляциялық, кассациялық сот төрелігі жүйесіне көшу туралы нақты да анық айтылды. Елбасы бұл жөнінде: «Апелляциялық және кассациялық инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетін болады. Мұндай қадам соттық әуресарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдаудың мерзімін қысқартады. Сот залдары дыбыс және бейнежазба аппаратураларымен жасақталады және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді. Бұл сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің шынайылығын қамтамасыз етеді», – деп нақтылағаны белгілі.

Ендігі жерде сот істері дыбыс-бейнежазба құралы арқылы жүзеге асырылады. Ұлт жоспарында сот жүйесінің ашықтығына ерекше мән берілген. Атап айтқанда, 20-қадамда «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу көзделген. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп жазылған. Бұл қадам арқылы қарапайым халық сот процесінің әділ өтетіндігін байқайды. Сот саласына қатысты осындай түйткілді жаңартулар адам және оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді көздейді.

- Судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру бойынша қандай шаралар жүзеге асырылуда?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты әрі барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асырулары тиіс», – деп нақтылады. Азаматтардың сот жүйесіне сенімділігі судьялардың кәсібилігіне де тікелей байланысты. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеудің қатаң тетігі мен жоғары біліктілік талаптары күшейтілуі сот жүйесіне оң әсер етеді. Әрі судьяларды іріктеу мен тағайындау ашық түрде өткізіледі. Қазақстан соттарын реформалаудағы мәселе – сапалы судьялар корпусын жасақтау болып саналады. Судья қызметіне үміткердің кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілеу жүйесін енгізу, үміткердің соттарда ақылы түрде төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтуі, одан кейін судьяның бір жылдық сынақ мерзімінен өтуі тиіс екені талап етілді. Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, олардың этикасы, судья лауазымына үміткерлерді таңдау тетігі жаңа талаптармен толығуда. Ендігі жерде сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету жолында судьялардың әділдігі де талап етілмек. Бұл жөнінде Елбасымыз «Ең бастысы, сатылмайтын сот билігінің болуы елдің бүкіл құқықтық жүйесінің сапалы жұмысының міндетті шарты болып табылады», – деген болатын.
Судья лауазымына кандидаттарды дайындау және іріктеу жүйесінің өзгеруі сот корпусын тек қана кәсіби тұрғыда ғана емес, сонымен бірге өмірлік мол тағылымы бар, барынша тәжірибелі әрі дайындығы жоғары мамандармен нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, өйткені, бүгінгі таңда біздердің кейбір жас судьяларымыз қиындыққа шыдамай, жұмыстан кетіп жатады.

Судья кадрларын дайындау жүйесінде Сот төрелігі институты маңызды рөлге ие. Оны Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан бөліп алып, Жоғарғы Сот қарауына берілді. Академия магистранттарды оқытуды, іс басындағы судьялардың біліктілігін арттыруды, сонымен қатар ғылыми-зерттеу қызметін жүргізетін болды. Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы сәйкесінше органға біліктілік емтиханын тапсырған судьяға кандидаттардың тағлымдамадан өтуі де Сот төрелігі Академиясында ұйымдастырылады. Одан кейін судьялар корпусын жасақтау тек қана Академия түлектері есебінен жүзеге асырылады.

- Судьялар съезінде қандай мәселелер талқыланды?

Судьялардың кәсіби және моральдық бейнесіне деген қоғам талабының артуына, сондай-ақ Судьялар әдебінің жаңа кодексін қабылдау қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының кезектен тыс VII съезін шақыру туралы қаулы қабылданды. Бұл жиында еліміздің сот жүйесіне қатысты көптеген маңызды мәселелер қаралды. Рас, бұған дейін өткен алқалы алты жиында да сот жүйесін жетілдіруге қатысты көптеген ұтымды ұсыныстар айтылып, бүгінгі таңда сол күн тәртібіне қойылған міндеттердің алды жүзеге асырыла бастады.

Бұл – бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам — баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарындағы қадамдарды іс жүзінде орындау болып табылады. Әділ төрелік жасайтын Судьялардың кәсіби деңгейін жетілдіретін съезге Судьялар одағының 15 мүшесіне 1 делегаттан қатысу қағидаты бойынша белгіленді. Осы ретте аудандық судьялар мен отставкадағы судьялар делегаттарының арасындағы өкілдік ету қамтамасыз етілуі тиіс.

Ақмола облысының судьялар корпусынан VІІ съезіне 11 делегат қатысты. Олар, Ақмола облыстық сотының төрағасы, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы, ҚР судьялар Одағы Ақмола филиалының төрағасы, облыстық сот судьялары және отставкадағы судьялар.

Қазақстан Республикасы Судьяларының әр съезінде қабылданған шешімдері нәтижелі орындалып келеді. Қазақстан судьяларының әрбір съезінде еліміз сот жүйесінің жұмысын одан әрі жандандырып, құқықтық сот реформасын жүзеге асырудағы судьялар бірлестігінің қоғамдық рөлі және заңнамаларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері қарастырылып, судьялар мен сот қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ауқымды бағдарламалар бекітілді. Ендеше, VІІ съезд Судьялар қауымдастығының алдағы мақсаты мен міндеттерін айқындай түсті. Бұл судьялар съезінің тиімділігі мен маңыздылығы да осында болса керек.

Сонымен қатар, Судьялар съезі – сот жүйесінің дамуы мен өзекті мәселелердің шешімін табуына, әр аймақтан келген судьялардың ой-пікір алмасуына, сот жүйесіндегі жетіспеушіліктердің толықтырылып, қамтамасыз етілуіне ықпалын тигізді. VІI съезде сот жүйесін әрі қарай ілгерілету, орын алған кемшіліктерді көрсетіп, судьялар жұмысына жаңа серпін беру, құқықтық жүйені белсенді қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: