Алматыда сәләфиттердің жиналатын орындары белгілі болды
Zakon.kz
Алматыда радикал болуы мүмкін тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізе отырып, құзырлы органдар адамды радикалдарға сырт келбетімен ұқсас адамдарды ұстауы мүмкін.
Алматыда дәстүрлі емес діни ағым өкілдері жиналатын орындарға бақылау жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматының дін істері басқармасының жетекшісі Айдар Есенбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Оның айтуынша, Алматыда радикал болуы мүмкін тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізе отырып, құзырлы органдар адамды радикалдарға сырт келбетімен ұқсас адамдарды ұстауы мүмкін.
«Қала үлкен. Осы идеяларды ұстанатындар бар. Олар біздің арамызда өмір сүріп жүр, оқиды, жұмыс істейді, мешітке барады, заңға қайшы келмеуі мүмкін. Тек заң бұзылса ғана жауапқа тартылады. Бірақ, тек сырт келбетіне қарап ұстауға болмайды. Адам қателеседі. Біреулер бұрыс бағыт берген болуы мүмкін. Олармен әңгімелессе, дұрыс жолға оралып та жатады», – дейді Есенбеков.
Қалада радикалды идеялар насихатталып, адамдарды өз жағына тартуы мүмкін орындарға бақылау жүргізіледі.
«Олар жиналатын бірнеше мешіт бар. Саудагерлері дәстүрлі емес ағымда жүргенін байқататын бірнеше сауда үйі мен базарлар бар. CarCity автобөлшектер базары бар, аэровокзал бар, телефон сатады ол жерде, назарымызға түскен тағы бір орын Көк базардағы сауда нүктесі. Барахолкадағы кей базарлар, діни оқулықтар сатылатын орындар», – дейді ведомство басшысы.
Сонымен қатар, Айдар Есенбеков дінге бет бұрғысы келген, бірақ, радикалды ағымдар жетегінде кетіп қалғысы келмейтін тұрғындарға өз ұсыныстарын айтты.
«Мен бірден айтайын, намазға жығылғысы немесе исламға бет бұрғысы келген адам мешітте қызмет атқаратын ресми имамға баруы керек. Көшеде біреулермен бұл мәселе бойынша тілдесудің керегі жоқ. Егер бәз біреулер дәріс тыңдауға шақырса, фильм көруге шақырса, бірден қауіптену қажет. Онымен бармасын, мешітке барсын», – деп өз кеңесін берді Есенбеков.
Сонымен бірге, ол дін істері комитеті қандай кітаптар оқуға болатынын және мешіт мекен-жайлары көрсетілген 20 сайттың тізімін жариялағанын мәлім етті.
Фото: weproject.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript