Лента новостей
0

Алматыда жыл басынан бері еңбек құқығына қатысты 920 заң бұзышылық анықталған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.11.2016 18:54 Zakon.kz
Еңбек кодексін бұзғандарға қатысты 70 арыз сотқа жіберілген. Ондағы өндірілмек еңбекақы сомасы 422,6 млн теңгені құрайды.
Алматыда жыл басынан бері еңбек құқығына қатысты 920 заң бұзышылық анықталған. Нәтижесінде 400-ге жуық заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 54 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Өткен жылға қарағанда тұрғындардан түскен жазбаша өтініш көлемі де артып, өндіріс саласындағы өлім-жітім көрсеткіші 35 пайызға төмендеген. Ал, жұмысшылардың жалақысын уақытында бермеу мәселесі бойынша шағын кәсіпорындар көш бастап тұр, деп жазады Алматы телеарнасы.

Өндіріс орындарындағы адам шығыны азайды. Алматыда қаңтардан бері 84 өндірістік жазатайым оқиға тіркеліп, 85 адам жарақат алған. Оның он бірі қаза тауыпты. Жазатайым жан тапсырғандардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға төмендеді. Яғни, 2015 жылы өнідіріс саласында 17 адам қаза болған. Ал, жалақысын толық ала алмаған 2 мыңнан аса адамның ісі тексеріліп, 527 мың теңге өнідірлді.

«Айлықты уақытында төлемеу фактісі кіші кәсіпорындарда көп орын алады. Үлкен мекемелерде де болады, әрине. Техника қауіпсіздігін сақтамағаны үшін 41 жауапты тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 10,4 млн теңге айыппұл салынды», - деді Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Ғаділбек Қарабалаев.

Жалпы еңбек құқықтары бойынша 727 тексеру жүргізіліп, 920 заң бұзушылық анықталған. Оның 822-сі еңбек қатынастары, 47-сі еңбек қауіпсіздігін бақылау және 51 факті халықты жұмыспен қамту саласына тиесілі. Нәтижесінде, 375 заңды және лауазымды тұлғаға 54 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Еңбек және көші-қон заңын бұзу фактісі бойынша 3700 жазбаша өтініш түсіп, 2700 адам еңбек инспекциясы басқармасының көмегіне жүгінген. Аталған көрсеткіш өткен жылға қарағанда біршама өскен, дейді басқарма басшысы.

«Еңбек инспекторлары ұйғарымының орындалуы барысында жалпы 94 қалалық мекемесінде 527,4 млн теңге қарызы өтелінді. Осының арқасында 2094 жұмыскердің конституциялық және еңбек құқықтары қорғалды», - деді Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Ғаділбек Қарабалаев.

Еңбек кодексін бұзғандарға қатысты 70 арыз сотқа жіберілген. Ондағы өндірілмек еңбекақы сомасы 422,6 млн теңгені құрайды. Ал, соңғы 10 айда 374 этникалық қазаққа оралман мәртебесі берілген. Қандастардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Ресей және Түрікменстан елдерінен келген.

Авторы: Аршын Кемелжан, Влад Шишко

Фото: vko.sud.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: