Кореяда әуежай қызметкерлері отандастарымызды күштеп ұстаған
Zakon.kz
Бір апталық саяхат 2 күнге ғана созылған. 19-шы қарашада барған алматылық турист өзінен басқа тағы 8 қазақстандықтың «жертөледе» болғанын айтады.
Алматы телеарнасының уатсап мессенджеріне Досбол Сауранбаев хабарласып, өз базынасын айтты. Оңтүстік Кореяға жасаған саяхаты орындалмай, Инчхон әуежайынан қайтқан. Онда ештеңе түсіндірместен, екі күн бойы бір топ қазақстандықтарды ұстаған. Ал сыртқы істер министрлігі мұны қауіпсіздік шараларын күшейтумен байланыстырып отыр, деп жазады Алматы телеарнасы.
Жұбайы туған күніне Оңтүстік Корея еліне жолдама алып берген Досбол Сауранбаев, сол мемлекетке барғанына өкпелі. Себебі, жоспарлаған саяхаты Инчхон әуежайында аяқталған. Әуежай қызметкерлері мән-жайды түсіндірместен Досболды белгісіз бөлмеде күштеп ұстаған.
«Полиция ма, охраналары ма, әйтеуір қызметкерлері келіп алып кетті. Содан бізді бір комнатаға апарып, допрашивать етті тағы да. Сосын бізге переводчик берді. Біз оған барлығын түсіндірдік, не үшін келгенімізді. Қанша ақшамыз бар екенін сұрады. Соның бәріне жауап бердік»,- деді Досбол Сауранбаев.
Бір апталық саяхат 2 күнге ғана созылған. 19-шы қарашада барған алматылық турист өзінен басқа тағы 8 қазақстандықтың «жертөледе» болғанын айтады. Осы уақыт аралығында Досбол жүгінген туристік агенттік онымен байланысты үзбеген екен. Хабарласып, мәселені бірге шешуге тырыстық,- дейді. Ал «Купитур» туристік агенттігі болса, қонақ үйге төленген қаржының 50 пайызын ғана төлейміз,- деп отыр.
«Біздің менеджеріміз Досболмен байланысып отырды. Корейдегі елшілікке де хабарласуға тырыстық. Тұтынушымызды әуежайда ұстау себебі, қонақүй әкімшілігі бронның болғанын растамаған. Ал бізбен хабарласқанда туристі күтіп отырғанын айтқан борлатын. Қазір бұл мәселені шештік. Ол қонақ үй төленген қаржының 50 пайызын, біз қалған бөлігін төлеуге келістік»,- деді «Kupitur» Туристік агенттігінің директоры, Мадина Құдайбергенқызы.
Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Корей елінде болу ережесін ведомсвоның ресми сайтында көрсетілгенін айтады. Мұндай оқиға ол жақтағы қауіпсіздік шарасын күшейтумен байланысты.
«Сыртқы істер министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және өзінің веб сайтында Оңтүстік Кореяға кіру туралы қағидалары мен толық мәліметтер бірнеше рет берілді. Жалпы миграция бойынша, тәртіптерін күшейтуіне байланысты осындай ситуациялар туындайды»,- деді ҚР СІМ ресми өкілі, Әнуар Жайнақов.
Фото: www.almaty.tv
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript