«Taraz Invest–Agro Chemical Day 2016» форумында 120 млрд теңгені құрайтын 12 меморандумға қол қойылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.11.2016 22:25 Zakon.kz
«Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» Жамбыл облысы мен «Тараз химиялық паркі» АЭА аясында агрохимиялық саланы дамытуға арналған «БХК» ЖШС-ның бірінші аймақтық шарасы болды.
Жамбыл облысында агрохимиялық саланы дамыту мен инвестиция тарту сұрақтарына арналған «Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» аймақтық инвестициялық форумы өтті. Форум барысында жалпы -120 млрд теңге болатын 12 меморандумға қол қойылды.

Форумға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Тараз бен бауырлас қалалардың басшылары, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Вэй, Чаньцзи Хуизу автономиялық префектурасы үкіметінің бастығының орынбасары Кайрат Қапанұлы, Қырғыз Республикасы Талас облысының губернаторы Даир Кенекеев, бизнес-қоғамдастықтарының, бірлестіктердің, банк секторлары, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ агрохимиялық өнеркәсіп мамандар мен сарапшылар, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Украина, Түркия, Иран Ислам Республикасы, Румыния, Италия т.б. 12 елдің өкілдері қатысты.



Форумды Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев ашты.

-Жыл сайын Жамбыл облысы индустриялық әлеуетін арттырып келеді, жергілікті өндірісті дамытуда инвестицияны тарту үшін қолайлы климат құрылады. «Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» халықаралық инвестициялық форумын өткізу өнеркәсіптік және химиялық-технологиялық өндіріс саласындағы әріптестік қатынасты нығайтуға тағы бір қадам болуы мүмкін,- деді аймақ басшысы.



Форумның басты мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілері мен бизнесмендер үшін аймақтың инвестициялық тартымдылығын көрсету. Сондай-ақ Жамбыл облысының агрохимиялық саласын дамыту үшін «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Арнайы экономикалық аймақта жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін жеңілдетілген салықтық режим көрсетіледі.

Форум бағдарламасында инновациялық ғылыми химиялық жобалар таныстырылымынан бөлек «Агроөнеркәсіптік комплекс саласындағы халықаралық ынтымақтастық», «Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында кеңейтілген талқылау өткен панелдік сессиялар ұйымдастырылды.
Форумның соңында құны -120 млрд болатын 12 меморандумға қол қойылды. Атап айтар болсақ:

1. Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы арасында;
2. Химиялық және агохимиялық өнеркәсіпті дамыту бойынша Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Біріккен химиялық компания» ЖШС арасында;
3. Тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысы бойынша Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Аурумдойчланд АГ» ЖШС арасында;
4. «Бурное-2» СЭС құрылысы бойынша Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Бурное Солар 2» ЖШС арасында;
5. 50 мың га аумаққа дейін қант қызылшасын өндіру мен қант шығару зауытының құрылысы бойынша Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Asyl Zher Company» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды.



«Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» аясында қатысушылар «БХК» ЖШС, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, экспорт және инвестиция бойынша «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі, технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі, Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік серіктестік орталығы және жергілікті мағынадағы NADLoC дамыту бойынша Ұлттық агенттік өкілдерінен мәлімет алған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы құрылған.



«Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» Жамбыл облысы мен «Тараз химиялық паркі» АЭА аясында агрохимиялық саланы дамытуға арналған «БХК» ЖШС-ның бірінші аймақтық шарасы болды.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: