Лента новостей
0

БҚО-да балалар мен жасөспірімдер туризмі қарқынды дамып келеді

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.11.2016 23:39 Фото: zakon.kz
Дәстүрлі экспедициялар қатарына «Жайық-Урал», «Мәңгі бірге», «Сырым Датұлы жерлерімен экспедиция», «Ордадағы тарихи жерлердегі экспедиция» жатады.
Елімізде балалар туризмін дамытудың 35 орталығы болса, соның 14-і Батыс Қазақстан облысында орналасқан, деп жазады zakon.kz.

Мәселен, өңірде облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы қызмет атқарады. Оның құрамында бүкіл республика бойынша балаларды қабылдайтын «Еуразия» туристік-сауықтыру кешені бой көтерген.

Кешеннің қатарына қабылданған әрбір бүлдіршін атқа мінуді, балық аулау мен орманда адасып кетпеудің жолдарын, суда жүзуді және тауға жорыққа шығуды меңгереді. Яғни қауіпсіздік ережелерімен қатар, күрделі жағдайда не істеу керектігін де үйренеді.

Тағы бір ауыз толтырып айтатын орталықтардың бірі «Бивуак» туристік-экскурсиялық кешені. Және Шаған өзені жағасында жаңадан ашылған «Самал» туристік лагері. Олар Орал қаласы мен аудан территориясында бір маусымда 30-ға тарта экскурсия өткізеді. Айта кету керек, мұндағы қызметкерлер әрбір балаға ерекше көңіл бөліп, тәжірибе жинақтауына ат салысады.

Бүгінде облыстағы балалар туристік ұйымдарының қатары республикадағы ең үлкен желіге айналды. Оның құрамына «Атамекен» қалалық орталығы және балалар-жасөспірімдер туризмінің 12 аудандық орталықтары мен бекеттері енеді.

Аталған орталықтармен жыл сайын «Менің Отаным – Қазақстан» атты оқушылар арасындағы Республикалық туристік-өлкетанушылық экспедиция, түрлі бағыттағы жаяу және велосипедпен жорықтар, экскурсиялар өткізіліп тұрады. Оған республиканың әрбір өңірінен мыңдаған жас туристер мен олардың жетекшілері қатысады.

Ал дәстүрлі экспедициялар қатарына «Жайық-Урал», «Мәңгі бірге», «Сырым Датұлы жерлерімен экспедиция», «Ордадағы тарихи жерлердегі экспедиция» жатады. Қазіргі таңда бұл экспедициялар республикалық және халықаралық деңгейге жетіп отыр.

Бүгінгі күні, туристер арасында Шалқар көлінің, Жайық, Шаған, Деркөл өзендері жағалаулары, «Мечта» кемпингі кең танымалдылыққа ие. Облыс территориясында көптеген тарихи-археологиялық, этнографиялық жерлер бар, «Бөкей хандығына жорық» туристік маршруты, «Шалқар көлі - дала теңізі», «Жайықта-қалашық, Оралда-қала» және өзге де су маршруттары ерекше сұранысқа ие.

Фото: www.turizmzko.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: