Әскери қызметшілер тұрғын үйді қандай жолдармен жекешелендіре алады
Zakon.kz
«Тұрғын-үй» Заңы мен Үкімет қаулысында бекітілген тиісті нормалар шеңберінде қарасақ, әскери қалашықтар мен жабық объектілерде орналасқан тұрғын-үйлерді жекешелендіруге мүлдем болмайды.
Әскери қызметшілерге қолжетімді тұрғын үйді қалай иеленуге болады? Бұл сұрақ баспаналы болуды қалайтын әрбір жанның көкейінде жүр десек артық емес. Сан сұрақтың жауабын табу үшін zakon.kz тілшісі Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы Ш.Н.Кадиров мырзаны сұхбатқа тартты.
Шынболат Назарғалиұлы, тұрғын-үйді жекешелендіру мәселесі туындағанда, әскери қызметшілер ең бастысы қандай құжаттарды негізге алғаны дұрыс?
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы елдердің бірі болып КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Ал нарықтық экономикада еркін баға мен жекеменшіксіз даму қиын процесс екені белгілі. Нарықтық экономикада маңызды орын алатын мәселе мүлікті, ақшаны бизнес көздерін «жекешелендіру» болғандықтан, осы ұғымға тоқталып кетсек. Жекешелендіру дегеніміз — азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу деген сөз. Немесе меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Жекешелендірудің басты мақсаты — жекешелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту. Яғни ол — нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты.
Жалпы, тұрғын-үйді жекешелендіруге қатысты мәселе туындаған кезде, ең бастысы 1997 жылғы сәуірдің 16-да қабылданған «Тұрғын үй қатынастары» туралы № 94-ші санды Қазақстан Республикасы Заңы мен 2013 жылғы шілденің 2-де қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 673-ші санды қаулысын негізге ала отырып, осы сұрақтарды шешкен дұрыс.
Тұрғын-үйді жекешелендіруге қатысты сұрақты кім шешеді?
Бұл жерде ең әуелі үйдің қандай фондқа тиесілілігін анықтап алған дұрыс, себебі, үй коммуналды тұрғын-үй фондынан болса, шешімді жергілікті атқару органының тұрғын үй комиссиясы қабылдайды, ал егер ол тұрғын-үй мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік бірлестіктегі тұрғын-үй қорынан болса, онда мұндай шешімдерді сол мемлекеттік мекемедегі немесе мемлекеттік бірлестіктегі тұрғын-үй комиссиялары қарап шешеді.
Қазақстанда жекешелендірудің алғашқы кезеңі «кіші жекешелендіру» деп аталды, онда мемлекеттік сауда және қызмет көрсету орталықтары, тұрғын үйлер жекешелендіріліп, еңбек ұжымдарына берілді. Келесі кезеңі — «жаппай жекешелендіру» кезінде шағын, ірі кәсіпорындар, зауыттар мен фабикалар инвестициялық купондарға сатылды, осы кезде ел экономикасына шетел инвесторлары келді, ауыл шаруашылығы бұрынғы колхоз, совхоздардың мал-мүліктері үлескерлерге бөлініп берілді. 1997 жылдан бастап жекешелендіру отын-энергетикасы, денсаулық сақтау, білім, ғылым салаларында өтті. Бұл процесс тек қана экономика саласына ғана емес, білім, ғылым, медицина салаларына көптеген жаңалықтар әкелді. Бірақ кейбір стратегиялық маңызды салалар — білім, мәдениет, медицина, әскер, т.б. салалар нарыққа көшуге негіз болмаған жағдайда жекешелендірілмей, мемлекеттің меншігінде қала берген дұрыс еді. Кез келген реформа мемлекетке бірден жағымды нәтижелер бермеуі мүмкін. Қазіргі таңда жекешелендірудің барлық механизмдері жетілдірілді, халықтың экономикалық білімі, мамандардың біліктіліктері, кәсіпкерлердің дайындықтары жоғарылады. Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, «бүгінгі Қазақ, кешегі Қазақ емес». Сонымен қатар мемлекет жекешелендіруді өткізу технологияларын өзгертті, электронды сауда алаңы арқылы ұйымдастыруды тәжірибеге енгізді. Оған «Халыққа қызмет көрсету орталықтары», «Egov.kz» сайттары, «Халықтық ІРО» бағдарламалары тиімді, «Электронды үкімет» жүйесі сенімді жұмыстар жүргізу арқылы осы жұмыстарды жетілдірді. Жоғарыда айтылған қызмет көрсету жүйелері алдымен мемлекет билігінің тиімді жүргізіліп келе жатқан саясатының көрінісі және қоғамның талабы. Бұл жүйелер, біріншіден, азаматтардың уақытын үнемдейді, қағазбасталықты жояды, екіншіден, халықтың билікпен байланысы орнайды, жемқорлық көрсеткіштерін азайтады, үшіншіден, азаматтардың билікке деген сенімі артады.
Әскери қалашықтар мен жабық объектілерде орналасқан тұрғын-жайларды жекешелендіруге болады ма?
Жоғарыда аталған, «Тұрғын-үй» Заңы мен Үкімет қаулысында бекітілген тиісті нормалар шеңберінде қарасақ, әскери қалашықтар мен жабық объектілерде орналасқан тұрғын-үйлерді жекешелендіруге мүлдем болмайды.
Қазіргі кезде, көптеген әскери қызметшілерді толғандырып жүрген бір сұрақ, ол бүгінгі таңда бұл кісілердің көбісі өз жанұяларымен тұрып жатқан қызметтік тұрғын-үй ретінде оларға берілген жатаханаларды жеке меншікке жекешелендіріп алуға құқықтық негіз бар ма?
Адамдарға жұмыс барысында берілген комнат типтес және көйке типтес тұрғын-үй жатаханаларын жекешелендіруге заңда еш құқықтық негіз жоқ.
Мәселен, менде әскери бөлімнің берген қызметтік пәтері бар делік. Осы қызметтік тұрғын-үйді мен жекешелендіріп алғым келіп еді, себебі 22 жыл әскери қызметте еңбек өтілім бар болғандықтан. Алайда, бұл пәтер әскери қалашық, яғни жабық объектіде орналасқандықтан, мен оны жекешелендіре алмайтын болып жатырмын. Осыған байланысты Сіден сұрағым келгені, мен осы пәтерімді жекешелендіре алмағандықтан, оның орнына ақшалай өтемақы ала алам ба? Жалпы мұндай ақшалай өтемақы қандай жағдайда әскери қызметшіге төленуі тиіс?
Егер, жалпы айтқанда мұндай ақшалай өтемақы қандай жағдайда әскери қызметшіге төленуі тиіс деген сұраққа жауап бергенде, мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы тамыздың 28-де шыққан № 1092-ші санды Қаулысына (енді - Қаулы) сүйеніп жауап берейін. Яғни, осы Қаулының 6-шы тармағына сәйкес, алушыларға ақшалай өтемақы төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүргізіледі:
1) жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан алушыға берілген қызметтік тұрғын үйдің болуы;
2) 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша күнтізбелік есептеуде әскери қызметтің 20 жылы өткеннен кейін қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар алушының әскери қызметте күнтізбелік есептегенде 15 және одан да көп жыл болуы;
3) Алушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында Қазақстан Республикасының аумағында және тұрақты пайдалану құқығында осы елді мекенде коммуналдық тұрғын-үй қорынан берілген тұрғын үйдің болмауы шарт.
Осы ақшалай төлемақыны беруді кім шешіп беруі қажет?
Жоғарыда аталған осы Үкімет Қаулысының 5-ші тармағына сай, ақшалай өтемақы төлеу балансында алушы тұратын қызметтік тұрғын-үй тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының республиканың мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларына, ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік орган басшысының немесе басшысы орынбасарларының бұйрығы негізінде де жүргізіледі.
Фото: Altaynews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript