Лента новостей
0

Алматыда мыңнан астам ұялы телефон талқандалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.12.2016 17:42 Zakon.kz
Ұялы телефондардың көзін жоюға шамамен бір аптадай уақыт кетеді.
Жоюға жіберілген телефондар Қазақстан аумағына 2008-ші жылы заңсыз жолмен келген, деп жазады Алматы телеарнасы.

Балғамен аяусыз шағылып, бірінен соң бірі жойылып жатқан бұл ұялы телефондар Қазақстанға 2008 жылы Алматы-Үрімжі бағытындағы жолаушылар пойызы арқылы заңсыз жолмен келген екен. Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері вагондарды тексеріс кезінде механик отыратын кабинадан іші ұялы телефон мен оның бөлшектеріне толы 3 қап тауыпты. Алайда, иесі төбе көрсетпеген. Осыған орай, 209 бап бойынша, яғни Қазақстан Республикасының шекарасынан ірі көлемдегі тауарды заңсыз жолмен алып өту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдікті деп танылған Қытай азаматынан жауап алыныпты. Алайда, ол тәркіленген телефондарға еш қатысым жоқ деп бас алып қашқан. Ұзақ тексерістен соң қылмыстық іс тоқтатылып, оларды жою туралы сот шешімі шығыпты.

«Сот шешімі шыққанннан кейін біздің Алматы қаласы қаржы басқармасына жекеленген негіздер бойынша аударылып, біз қабылдап алдық та оны 2016 жылы техникалық сараптама жүргіздік. Сол сараптама негізінде ол ұялы телефондар жарамсыз деп саналды. Өйткені, оның құжаттары жоқ, батареялары істемейді және аксессуарлары жетіспегендіктен оны сату үшін толықтыру керек болды. Толықтыру қымбатқа шыққандықтан да, оны комиссия қарауында қарап бұны жою керек деп шешім қабылдады»,- деді Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының орынбасары, Айдын Сайлаубай.

Еш құжатсыз тәркіленген 1055 телефонның құны 15 млн 255 мың теңгеден асқан. Телефондармен қатар әртүрлі бөлшектерде келіпті. 8 жылдан бері қоймада жатқан телефондардың барлығы дерлік істен шыққан екен, сондықтан оларды арнайы орында бөлшектеу тапсырылыпты.

«Біріншісі сотовый телефоннан платасы шешіледі, келесі батарейкасы. Сосын батарейкасы мен платасы басқа мемлекетке ішіндегі құрамындағы пайдалы заттарды алу үшін біз жібереміз. Пайданың қайнар көзі бізде сода, осының құрамындағы пайдалы металлдарды сатуда»,- деді Утилизация жасаушы, Дәулет Құлымбаев.

Ұялы телефондардың көзін жоюға шамамен бір аптадай уақыт кетеді. Бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мекеме телефон ішінен шыққан металлдарды Қытай мен Германия елдеріне сатып, пайда көрмек. Ал, сыртқы пластиктерін қаладағы арнайы мекемелерге шикізат ретінде өткізетін көрінеді.

Айдана Мейрамбайқызы, Мұрат Тайжанов

Фото: Newsbox24.tv
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: