Алматыдан 510 шақырым жерде жер сілкінді
Zakon.kz
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2016 жылдың 2 желтоқсанында Алматы уақыты бойынша 13 сағат 22 минут 32 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 499 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық дәрежесі - 9,7. Магнитудасы MPV 4.2. Эпицентр координатасы 39.28° с.е. 73.73° ш.б. Тереңдігі 5 шақырым. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді», делінген хабарламада.
Фото: aa.com.tr
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript