Лента новостей
0

Алтынсарин кесенесі қайта салынады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.12.2016 23:39 Zakon.kz
Кемеңгер ағартушының облыста бірнеше шағын бюстері бар, бірақ еңселі ескерткіші облыс түгел республика көлемінде жоқ.
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай оның Қостанай қаласының іргесіндегі кесенесі қайта салынатын болады. Бұл жөнінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов студент жастармен кездесуінде мәлімдеді, деп жазады egemen.kz.

Кемеңгер ағартушының облыста бірнеше шағын бюстері бар, бірақ еңселі ескерткіші облыс түгел республика көлемінде жоқ. Бірақ Архимед Бегенжаұлының айтуынша, қазір ағартушының ескерткішінен бұрын облыстағы кесенесі мен мемориалдық музейі жаңғырту, жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр.

Сондықтан бюджеттен бөлінетін қаржыға бірінші орында осы жұмыстарды атқару тиімді деп есептеліп, Ыбырайдың кесенесін қайта салу керек деп шешілді. Өйткені 1992 жылы салынған кесене тозған. Сол аумақты – кешенды толық жаңғырту керек. Қазір Ыбырай сүйегі жатқан Қостанай ауданының әкімі Қайрат Ахметов кесененің жобасын сызатын архитекторлармен жұмыс жүргізуде, келер жылы оның сметалық құжаттары жасалады. Егер құжаттар тегіс дайын болса құрылыс келер жылы салынады, үлгермесе оны 2018 жылы бітіретін болады. Облыс әкімі ескерткіш туралы сөз одан кейін ғана қозғалатынын айтты.

Нәзира Жәрімбетова

Фото: egemen.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: