Лента новостей
0

Павлодар облысында биыл 82 егіз және екі үшем дүниеге келген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.12.2016 17:45 Zakon.kz
Биылғы жылы облыста перзент сүйген ең жасы үлкен әйел 44-те болса, былтыр 49 жастағы ана дүниеге сәби әкелген.
Павлодар облысында биыл 82 егіз және екі үшем дүниеге келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің жолдаған сауалына берген жауабында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов мәлім етті.

- 2016 жылғы 10 айдың ішінде өңірде 10479 бала жарық дүниенің есігін ашқан. Оның ішінде 5146 сәби облыстық перинаталдық орталығында туған. Балалардың 2873-ы ұлдар болса, 2273-сы қыздар, - дейді Нұрлан Қасымов.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, аймақта биыл айы-күні толмай туған нәрестелердің саны біршама азайған. Мәселен, былтыр 511 бала мерзімінен бұрын дүниеге келсе, биыл олардың саны 488-ге азайған. Бұл факторға ананың қан қысымының артуы, қант диабеті, бүйрек аурулары, толық жойылмаған түрлі жұқпалар, зиянды әдеттер, өндіріс шарттары және де басқа жағдайдар себеп болады.

Айта кетерлігі, биылғы жылы облыста перзент сүйген ең жасы үлкен әйел 44-те болса, былтыр 49 жастағы ана дүниеге сәби әкелген.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: